ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / Мәжіліс сайлауының бюллетеніне қанша ақша керек?

Мәжіліс сайлауының бюллетеніне қанша ақша керек?

Сайлау-2023 20.01.2023, 08:28 1,067
Мәжіліс сайлауының бюллетеніне қанша ақша керек?
Сурет: Azattyq-ruhy.kz
Кейбір өңірлерде төрт, енді бірінде бес бюллетень беріледі.

Кейбір өңірлерде төрт, енді бірінде бес бюллетень беріледі.


ОСК мүшесі Сабила Мұстафинаның айтуынша, бюллетеньдерді дайындауға 532,2 миллион теңге жұмсалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оның айтуынша, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына бес түрлі бюллетень дайындалады. Оның екеуі Мәжіліс сайлауында дауыс беру үшін әзірленеді. Кейбір өңірлерде төрт, енді бірінде бес бюллетень беріледі.



«Яғни, егер сіз Астана тұрғыны болсаңыз, сайлау күні төрт бюллетень аласыз. Екеуі Мәжіліс, екеуі қалалық мәслихат депутаттарын сайлауға. Әрбір өңірде сайлаушылар саны әртүрлі. Әр өңір мәслихат сайлауына бюллетеньдерді өздері әзірлейді. Біз Мәжіліс сайлауына екі түрлі бюллетень дайындаймыз», - деді Мұстафина Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.



Ол, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, елімізде 11 миллионнан астам сайлаушы бар екенін атап өтті. Заң бойынша, бюллетень саны барлық сайлаушы санына +1 процент артық дайындалады.



«Бір бюллетеньді әзірлеу орташа есеппен елімізде 22 теңге тұрады. Кейбір өңірлерде қымбат, кейбірінде арзан. Біз бюджеттік өтінімді жоспарлағанда, осы бағаны алдық. Нәтижесінде Мәжіліс сайлауына 24 192 340 дана бюллетень керек. Неге? Елдегі сайлаушылар саны екіге көбейтіледі, өйткені екі бюллетень дайындалады. Оған заң бойынша артық дайындалатын бір процент қосылады. Сол себепті бюллетень әзірлеуге жұмсалатын жалпы сома - 532,2 миллион теңге. Бұл - біздің жоспарлы есептеуіміз», - деп түсіндірді Мұстафина.



ОСК мүшелері алдағы сайлауға дайындалатын барлық бюллетеньде «бәріне қарсымын» тармағы болатынын атап өтті.


Еске салсақ, Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы 19 наурызда өтеді. Кандидаттарды ұсыну бүгін, 20 қаңтарда, басталды. Қазақстандықтар саяси партиялардан кандидат бола алады немесе өзін-өзі ұсына алады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.