AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Мәжіліс депутаты әншілердің фонограммамен ән айтуы...

Мәжіліс депутаты әншілердің фонограммамен ән айтуына қарсы шықты

Әлем 26.02.2025, 11:54 1,022 dulatbekova
Мәжіліс депутаты әншілердің фонограммамен ән айтуына қарсы шықты
Cурет: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай әншілердің фонограммамен ән айтуына қарсы шықты.

Депутат концертке билет алған тыңдарманнның алдында әншілер жанды дауыста ән шырқауы тиіс деп есептейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Білесіздер, біздегі қолданыстағы заң бойынша әншілер фонограмманы пайдаланған кезде концерт ұйымдастырушылары ол туралы көрермендерді хабардар етуге міндетті. Бүгінгі әнші аузын жыбырлатып, фонограммамен айтады деп айтылуы тиіс. Бірақ ол ереже бізде мүлдем жұмыс істемейді. Сондықтан біз бұл заң жобасына фонограмманы пайдалануға тыйым салу туралы түзетулер енгізуді ұсындық. Бірақ министрлік мұны қолдап отырған жоқ. Айтатын сылтау көп. Өңірлерде техникалық құралдардың 70 пайызы тозған дейді. Бірақ біз норманы тағы да жеңілдетіп, мынадай механизм ұсындық, - дейді депутат.

Алайда министрлік тарапынан бұл ұсыныс та қолдау таппаған.

Концерт залы техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілсе, фонограмманы пайдалануға тыйым салынады дедік. Бірақ бұл норма да өткен жоқ. Мен бір әншінің әнін тыңдағым келсе,  YouTube-тан да тыңдай аламын, дискісін сатып алып, көлігімде отырып тыңдаймын. Бірақ ақшасын төлеп, концертке барған көрермен неге фонограммамен тыңдауы тиіс? Бұл талап орынды деп ойлаймыз. Екіншіден, бізге айтылып отырған тағы бір сылтау – білікті дыбыс режиссерлері жетіспейді дейді. Енді сұраныс болмағандықтан, әрине, жетіспейді. Фонограмманы алып тастаса, ең қымбат гонорарды дыбыс режиссерлары алар еді. Бұл да қиын деген соң жеңіл норма ұсындық. Егер орын жеткілікті түрде жабдықталмаған және концерттерге бейіделмеген болса, онда аудитория хабардар ете отырып, фонограммаға рұқсат етіледі дедік. Бірақ бұған да қарсы болып отырсыздар, - дейді Мақсат Толықбай.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #депутат #фонграмма #тыйым #қарсылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);