Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мәжіліс депутаттары курсанттармен кездесті 

Мәжіліс депутаттары курсанттармен кездесті 

Әлеумет 24.07.2023, 10:21 926
Мәжіліс депутаттары курсанттармен кездесті 
Сурет: Almaty-akshamy.kz

2023 жылдың 17-21 шілде аралығында Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері  ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанттарына арналған лагерьде  болып, үш күннен бері шекарашылардың таулы дайындық сабағына қатысты.


Мәжіліс депутаттары М.Рожин, О.Құсбеков, Б.Керімбек және С.Нұртаза курсанттар мен бірге апта бойы олардың тіккен шатырларында тұрды. Осылайша, бір сәт ақ көйлек гара галстуктерін шекарашы киіміне алмастырған депутаттар, таулы дайындық сабақтарына белсене араласып,  3954 метр биіктіктегі «Пик-Турист» шыңына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  


Айта кету керек, депутатттардың жазғы дамалысын қиып, оқу-жаттығуға арналған лагерьлерге аттануына тұрғындардан келіп түскен арыз, талаптар себеп болған екен. Енді олар екі апта бойы курсанттар мен сарбаздар арасында жүріп, саладағы проблемалар мен қордаланған мәселелерді анықтап, олардың шешілуіне сеп болатын заң жобасын, әзірлеуге атсалыспақ. 
Халық қалаулыларының айтуынша, Мемлекеттік шекарадағы  шекарашылардың жай-күйін Парламент креслосында отырып талқылағаннан көрі, олармен бірге тұрып шекарашы кейіпіне енуді жөн көрген. Яғни, ауа-райының ыстық-суығына қарамай, таулы аймақта ерте тұрып, тактикалық тапсырмалар мен жауынгерлік дайындықтан өткен.



«Мемлекет  - шекарадан басталады. Курсанттардың дайындығы жақсы екен. Отан игілігі үшін адал қызмет етуге сақадай сай екеніне көзіміз жетті. Біз мұнда таулы аймақтағы шекараны қорғаудың қыр-сырына қанықтық. Менің ойымша, бұл өте күрделі де нағыз ерлерге лайық жұмыс. Мұндай таулы дайындық сабақтарынан көп нәрсені үйренуге болады», - дейді БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында М.Рожин. 



Шекарашы курсанттардың таулы дайындық сабақтары мен қатар тұрмыс-тіршілігін зерделеген мәжіліс депутаттары әскери қызметшілермен әңгімелесіп, материалдық-техникалық қамтамасыз  ету, еңбек ақы және басқа да бірқатар жүйелі мәселелерді анықтады.



Шекарашы курсанттардың тыныс-тіршілігін көзбен көріп, көңілге түйген О.Құсбеков: «Таңатпастан ерте ояну, қолайлы жағдайдың мәз еместігі осының бәрі бүгінгі шекарашылардың жәй-күйі. Бұл сабырлылыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Әскери қызмет – ұлдарымызды ер-азамат қылып тәрбиелейтін патриоттық орта. Жауапкершіліктің, тәртіптің не екенін түсінудің жалғыз жолы», - дейді.



Елордаға әр сарбаз бен әр сардардың мәселесін бүге-шігесіне дейін жеткіземіз деп отырған мәжілісмендер шекарашылардың тұрғын үй, әлеуметтік қамсыздандыру жағына да аса назар аударды. Олардың пікірінше, әр застава экипажсыз ұшатын ұшақтар мен заманауи қару-жарақтар, жер талғамайтын көліктің болғаны дұрыс екен.
Жиын барысында депутаттар ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа заңнамалық бастамалар мен шараларды, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі тәсілдерді, шекарашылар сапында қызмет ету жағдайларын жақсарту қажеттілігін зерделеуге ерекше назар аударды.  
Таудағы шекарашы курсанттардың жәй-күйімен жақыннан танысып болған депутаттар Шекара академиясына келіп, ғасырға жуық оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. 
Мұнда депутаттарды Шекара академиясының бастығы полковник П.Поливанов қарсы алып, мәжіліс залына алып кірді. Академия басшылығы мен болған жиналыста таудағы көрген-білгендерін ортаға салған депутаттар шекарашы мамандығының оңай шағылатын жаңғақ емес екеніне көзі жеткендей. 
Жиналыс барысында депутаттар Академия бастығына курсанттардың нағыз шекарашы, Отанға қызметті  - абыройлы міндет деп түсінетінін, алдағы уақытта өз ісінің майталман маманы болып шығатындарына сенім білдірді. Содан кейін көзбен көріп, көңілге түйген бірқатар мәселелерді талқылаған мәжіліс депутаттары одан әрі Шекара академиясының бірнеше құрылымдық бөлімдеріне бас  сұқты. 
Өз кезегінде кинологтар шекаралық бақылау кафедрасында депуттардың біріне есірткі жасырып, қызмет итінің көмегіне жүгінді. Ондағы мақсат  - Мемлекеттік шекарада қызмет итінің таптырмас дос, адамға адал серік екенін көрсету.  Судай жаңа 3-арнайы кафедрасының әкімшілік ғимаратындағы жанға жайлы заманауи үлгіде жабдықталған салқын кабинеттерді аралап көрген жұмыс тобы, мұндағы жаңа заттар мен ауладағы оқу корпустарына шын мәнінде қатты қызығушылық танытты. Кафедра кабинеттерін  өздерінің мәжілістегі кабинеттерімен салыстырды. Мұндағы бөлмелердің әлде қайда кең, әрі жарық жақсы жабдықталғанын  жасырмады. 
Академиядағы курсанттар үшін жасалған осыншама жағдай депуттарды бей-жай қалдырмады. Әсіресе, «Бойнг-747» макеті орналасқан симулиятордағы ұшақтың кәнігі ұшақтан еш айырмашылығы жоқ екенін тілге тиек еткен депутаттар, шекарашы курсанттардың мықты оқу базасымен қамтамасыз етілгенін сөз етті.  



        
Шара соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы Айгүл Құспан әріптестерінің жазғы демалысқа қарамай, білектерін сыбанып желдің өтіндегі шекара шебіне аттанып кеткенін ерекше атап өтті. 
Шекара академиясының бастығы полковник П.Поливанов депутаттардың алдағы қызметіне сәттілік тілеп, таулы дайындық сабақтарынан жоғары деңгейде өткені туралы арнайы сертификат пен оқу ордасының тарихынан сыр шертетін құнды кітапты салтанатты түрде табыс етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#депутат #Мәжіліс #шекарашы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.