Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Майра Мұхамедқызының жанайқайы: «Еңбегімді қазаққа...

Майра Мұхамедқызының жанайқайы: «Еңбегімді қазаққа дәлелдей алмай жарты ғасыр өтті»

Әлеумет 30.05.2024, 14:51 867
Майра Мұхамедқызының жанайқайы: «Еңбегімді қазаққа дәлелдей алмай жарты ғасыр өтті»
"Астана Опера" театрының баспасөз қызметі

Қазақстандық танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы өнер саласындағы еңбегі ескерілмей, әлі күнге дейін «Халық әртісі» атағын ала алмай жүргеніне өкінішін білдірді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Өнер иесі өзінің еңбегі шетелде көбірек бағаланып, лайықты құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтті.

«Мен Астана Шабыт академиясында бес жыл вокалдан сабақ беріп, шәкірттерім халықаралық жүлделер алып, жеңіспен оралғанда еңбегімді ешкім бағалаған емес. Сондағы алған жалақы 17,000 теңгемен бағаланыпты. Күлкім келеді ойласам. Қайран уақыт пен сарқылған қуатың де! Ал Қырғыз бауырлар Қырғызстан ұлттық консерваториясының профессоры атағын баяғыда беріп қойған», - дейді өнер иесі.

Әншіні шетелдегі сахналарда «Халық әртісі» деп шақыратын болған. Алайда, ол өзінің бұл атақты әлі күнге дейін ала алмағанын жеткізді.

«Ал біздегі атақ жайлы ойлаудың өзі жаныңа батады. Халық әртісі атағы жаңғырған былтырғы марапатта маған неге берілмегенін айтпай-ақ қояйын. Еңбегімді Қазаққа дәлелдей алмай, бағалата алмай жарты ғасыр өмір өтіп барады. «Өміріңіз алда» дейтіндерге айтарым: Атаңның басы! Осындай халықаралық іс-шараларда мені “ҚР халық әртісі” деп жариялағанда бетімнен от шығып, көңіл күйім бұзылады. Біреулер айтқандай: Сертификаты жоқ халық артисісің дегенде жүргізушіге жүгіріп барып «Өтінемін. Жай ғана Сопрано-Майра Мұхамедқызы, Қазақстан» деп айтыңызшы» деймін. Е, бір кем дүние, де!», - деп қапаланады әнші.

Ол жас күнінде шетелге кетпей, елге оралғанын атап өтті.

«Бәрін айт та бірін айт, Лариса Георгиевамен 30 жылдан соң кездескен бұл кеш талай өткенді еске салды. 1995 жылы Халықаралық Римский-Корсаков конкурсына қатысқан кезімде Лариса апам мені Маринский театрға қалсаңызшы, Валерий Георгиев жаңа директор болды. Талантты жас әншілерді қолдайды деген ұсынысына орысша білмегенім үшін жүрексініп, рақметімді айтып, елге оралған болатынмын. Кеше апам соны айтып «Ал енді не болды?! Сен сол кезде мені тыңдағаныңда осы күні қай жерде жүрер едің?» демес пе, жастық шақта істеген қатемді енді түсіндім, «Бұл тағдыр, Маэстро» дегеннен басқа сөз таппадым. Иә, тағдыр өз қолыңда! Қасыңда жүрген дұрыс жол сілтеп ақыл айтатын адам ұстазың болсын дегім келеді жастарға!»

Айта кетейік, Майра Мұхамедқызы 1965 жылдың 5 қыркүйегінде Қытайдың Құлжа қаласында дүниеге келген. Ол Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған. Париждегі "Гранд Операда" Қазақстанның атынан өнер көрсеткен тұңғыш әрі әзірге жалғыз опера әншісі.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кілтсөздер*: Майра Мұхамедқызы #халық әртісі #Қазақстан опера әншісі #қазақ өнері.
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.