ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Майғазиевтің эмодзилері, Мерейдің орысшасы: осы ап...

Майғазиевтің эмодзилері, Мерейдің орысшасы: осы апта Тредсте не талқыланды?

Мұны білген жөн 06.09.2025, 12:31 600
Майғазиевтің эмодзилері, Мерейдің орысшасы: осы апта Тредсте не талқыланды?
Сурет: aqshamnews.kz коллажы
й

Осы аптада әнші Сәкен Майғазиев Тредс желісінің жұлдызына айналды. Ал блогер Мерей Әбілова неге тағы хейтке ұшырады? Блогердің қай қылығы жұртқа жақпай қалды? Әдеттегідей Аqshamnews.kz тілшісінің материалында. 

Майғазиев эмодзилермен тренд таратты

Майғазиев Тредсте лифтіде қамалып қалғанын бөлісті. 

"Лифт ашылмай қалды. Алтындарым-ау, барлығы жаны қалмай жүгіріп жүр. "Қазір шығарып аламыз, ешқайда кетіп қалмаңыз", деп қояды. Қайда кетем?",- деп жазды әртіс өз жазбасында.

Майғазиевтің жазбасына жалаушалардан бастап, таңбалар, тамақ, жануарлар және тұрмыстық заттарға дейін ұзын-сонар эмодзилер қатарласып берілген. Дәл осы жайт қызу талқылаудың басталуына түрткі болды.

сурет: Тредс желісінен скрин

Әншінің жазбасының астына жазылушылар жүздеген смайликке толы пікірлер қалдыра бастады. Кейбіреулер әзілдеп сұрақ қойып бастады:

"Сәкен аға, шықтыңыз ба?", "сізге лифтіден тікелей эфир қосу керек сияқты", "сіз әр жазбаға смайликтерді жеке таңдайсыз ба, әлде жай ғана көшіріп қоясыз ба?" - деп жазды Тредс қолданушылары.

Ал кейбіреулер әртістің "бірде-бір смайликті ренжітпей", оларды барынша пайдаланып жүргенін күлкі қылды.

сурет: Тредс желісінен скрин

Біраз уақыттан кейін Сәкен Майғазиев қайта жазба жариялап, лифтіден аман-есен шыққанын, алайда қарбаластан оны бірден айтуды ұмытып кеткенін түсіндірді.

"Айттым ғой, адам баласы ұмытшақ деп. Лифттен аман-есен шыққанымды айтам деп ұмытып кетіппін ғой. Баршаңызға мың алғыс! АЛЛА разы болсын. Ешқашан лифтте қалып коймаңыздар" деп жазды ол. 
Әдеттегідей эмодзилерін де ұмытпады:
"Әбілова, қазақша сөйлей берші!"
 
Тредстің талқысына түскен тағы бір тақырып - блогер Мерей Әбілованың Бейбіт Әлібековке берген сұхбаты. Көпшілік Әбілованың орысша жетік білмеуін, дұрыс жауап бере алмауын сынға алып, күлкіге айналдырды. Оған "қиналмай қазақша сөйлей берші" деген сынды пікірлер жазылды.
 
Алайда оны қолдаушылар да табылды. Пікір білдірушілер арасында әнші Мөлдір Әуелбекова да бар. Ол Мерейді сырттай, танитынын және сүйсінетінін жазды. Әуелбекова Әбілованың орысша сөйлей алмағанына емес, екі қазақ жігіттің қазақ білмегеніне күлу керек екенін баса айтты. 
Өзге желі қолданушылары да Әбіловаға қолдау білдірді. 
Кейін кәсіпкер Бейбіт Әлібеков те сынға ұшырағанын сезіп, Тредсте жазба қалдырды. Ол онда енді қазақша жазбалар жариялайтынын айтып, қолдау сұрады. 
 
Айта кетейік, Мерей Әбілова Instagram-да үлкен аудиториясы (2,2 миллион оқырман) бар белгілі блогер. Ол 2023 жылы футболшы Димаш Қашкенмен отбасын құрған болатын. Қазір "Мәриям" есімді бір қыздары бар. 
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.