AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Магнус Карлсен: Мен шахмат және өз ойынымның страт...

Магнус Карлсен: Мен шахмат және өз ойынымның стратегиясы туралы ешқашан ойымнан шығарған емеспін

Спорт 26.12.2022, 10:47 1,479
Магнус Карлсен: Мен шахмат және өз ойынымның стратегиясы туралы ешқашан ойымнан шығарған емеспін
almaty-akshamy.kz

Магнус Карлсен журналистердің сұрақтарына жауап берді


Алматыда шахматтың рапид және блиц түрлері бойынша 2022 жылғы әлем чемпионатының ресми ашылуынан кейін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатына белгілі норвегиялық шахматшы, шахматтан қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Шахматшы алматылықтарға қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді, өзіне қазақтың ұлттық шапаны сыйға тартылғанын тілге тиек етті. Магнустың айтуынша, бұл «Қазақстанға қош келдіңіз!» деген анық әрі бір мәнді хабарлама болды.


Магнус Карлсен журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, соңғы жылдары бүкіл әлемде, сондай-ақ Қазақстанда зияткерлік ойынға қызығушылық айтарлықтай артқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл құбылыстың бірқатар себептері бар.




«Ең алдымен, ковид пандемиясы болғанын бәріміз білеміз, сондықтан көптеген адамдар төрт қабырғаға қамалып, үйде отыруға мәжбүр болды. Шын мәнінде, шахмат интеллектуалды ойынға айналды, оны ойнау үшін адамның қай жерде жүргені маңызды емес, үйде де ойнауға болады. Сондай-ақ, «Патшайым жүрісі» сериялы үлкен танымалдылыққа ие болды, ол да шахматты танымал етуде рөл атқарды. Сонымен қатар, соңғы уақытта адамдар тек сау денеге ғана емес, ойдың саулығына да ұмтылады. Шахмат – психикалық денсаулықты сақтаудың тамаша тәсілі», - деп Магнус Карлсен шахматқа деген қызығушылықтың артуының себептерін атады.


Сондай-ақ чемпион көптеген шахматшылардың кәсіби психологтардың қызметіне жүгінетінін айтты. Бірақ өзі үшін ол мұны қажет деп санамайды, бірақ әріптестерінің психологтармен қарым-қатынасын жоғары бағалайды.
«Мен өзімнің не істеп жатқанымды, қарсыластарымның не істеп жатқанын және әр ойында менің жоғарыға көтерілуім мен құлдырауыма не себеп болатынын жақсы түсінемін. Әрине, мен жүгініп, кеңес алатын жақын адамдарым бар, бірақ ешқашан психологтарға жүгінбеппін», - деп жауап берді Магнус.
Ол журналистерге чемпионатқа қалай дайындалатынын да айтып берді.
«Бұл өте жеке, менде дәл осылай жасаймын деп ойлаған, нақты анықталған стратегия жоқ. Мен шахмат туралы ойлауды ешқашан тоқтатқан емеспін. Бұл - үнемі менімен өмір сүретін нәрсе. Мен қалай ойнаймын, кіммен ойнаймын деп ойлаймын. Не істеу керек және не істемеу керектігі туралы кәсіпқойлар бөлісетін жалпы кеңестер бар. Тұтастай алғанда, олар бұлыңғыр, ең бастысы, баста мәселені шешуге деген ұмтылыс болуы керек. Мен осылай дайындаламын. Шахмат мені импровизациялауға және ойлануға жетелейді», - деді Магнус Карлсен.
Сөзін қорытындылай келе, әлемдік шахмат жұлдызы бұл турнирде үлкен тартысты ойын болатынын атап өтті. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шахмат #Магнус Карлсен
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);