AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Мағжан Ілиясов Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болып...

Мағжан Ілиясов Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болып тағайындалды

Билік 20.10.2025, 09:19 712 Сұлу
Мағжан Ілиясов Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болып тағайындалды
Gov.kz

Мағжан Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Мағжан Ілиясов туралы не белгілі?

Қазақ Халықаралық Қатынастар және әлем тілдері университеті (1996 ж.), бакалавр дәрежесін алған. 

Дипломаттарға арналған оқу курстары, Клингендал халықаралық қатынастар институты, Гаага, Нидерланды (1998), Гарвард университеті Дж.Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебі (2013), мемлекеттік басқару магистрі.

Мансап

1996-1998 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдар және Халықаралық экономикалық қатынастар департаментінің референті, атташесі.

1998-1999 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы және Халықаралық экономикалық ұйымдар департаментінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.

1999-2007 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының халықаралық сапарлар бөлімі.

2007-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2013 ж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі.

2013-2016 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі-Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2016-2020 жж. - Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Тұрақты өкіл.

2020-2022 жж. - Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі.

2022 жылы - Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2023 жылы - Қазақстан Республикасының Исландия және Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мағжан Ілиясов #АҚШ #АҚШ елшілігі #тағайындау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);