AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу аяқталды

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу аяқталды

Білім және ғылым 12.08.2026, 12:05 332
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу аяқталды

Биыл кешенді тестілеуге 58 мыңға жуық адам қатысып, ең жоғары нәтиже 139 балл болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тестілеу қорытындысы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыттағы талапкерлердің орташа көрсеткіші 77 балл болса, бейінді бағыт бойынша орташа нәтиже 24 балды құрады.

Алайда тестілеу кезінде бірқатар талапкер ережені бұзған. Нәтижесінде 94 адамның тестілеу нәтижесі жойылды. Оның ішінде 69 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды аудиторияға алып кіруге әрекет жасағаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тағы 25 адам тестілеу ережесін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері де жойылды.

Грантқа қанша балл керек?

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, ал бейінді бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.

Грант конкурсына құжат қабылдау 12-18 тамыз аралығында өтеді. Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Ал магистратураға қабылдау рәсімі 28 тамызға дейін аяқталуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер:

  • жеке куәлігінің көшірмесін;

  • жоғары білім туралы диплом мен оның қосымшасын;

  • КТ сертификатын;

  • бар болған жағдайда шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатты тапсыруы керек.

Құжат тапсыру кезінде талапкер білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын таңдай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#магистратура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);