Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Магистратураға түсетін талапкерлер тестілеуді қала...

Магистратураға түсетін талапкерлер тестілеуді қалай тапсырады?

Әлеумет 06.06.2023, 05:55 1,086
Магистратураға түсетін талапкерлер тестілеуді қалай тапсырады?
Сурет: ашық дереккөз

Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсетін талапкерлерге кешенді тестілеудің форматын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


bugin.kz мәліметіне сәйкес, магистратура екі бағытта оқытылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді.


Ғылыми-педагогикалық магистратура


Оқу мерзімі - 2 жыл.


Тест тапсырмаларының саны – 130, жалпы балл – 150.


Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағат 55 минут).


Кешенді тестілеу 3 бөлімнен тұрады:


- Шет тілі бойынша тест (тыңдалым + лексика-грамматика + оқылым) – 50 тапсырма. Шекті балл – кемінде 25;


- Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7;


- Білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен – 20 тапсырма. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.


Білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы оқуға шекті балл – кемінде 75.


Бейінді магистратура


Оқу мерзімі - 1-1,5 жыл.


Тест тапсырмаларының саны – 80, жалпы балл – 100.


Тестілеу уақыты – 160 минут (2 сағат 40 минут).


Кешенді тестілеу 2 бөлімнен тұрады:


- Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7;


- Білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен – 20 тапсырма. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.


Білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы оқуға шекті балл – кемінде 50.


Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық стандарттарына сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша КТ-ның шет тілі тестінен босатылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тестілеу #магистратура #грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.