ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Магистратураға тапсырған 153 адамның тест нәтижесі...

Магистратураға тапсырған 153 адамның тест нәтижесі жойылды

Білім және ғылым 27.07.2022, 13:00 1,448
Магистратураға тапсырған 153 адамның тест нәтижесі жойылды
Сурет: Ашық дереккөзі
Барлық видео тексеріледі

Барлық видео тексеріледі


20 шілдеден бері 20 мыңға жуық тест тапсырушы кешенді тестілеуден (КТ) өтті. Бір апта ішінде ереже бұзғаны үшін 153 тест нәтижесі жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Кешенді тестілеу – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір уақытта өткізілетін емтихан түрі. КТ жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғалар үшін жүргізіледі.


Тестілеу басталған кезде тыйым салынған заттарды алып жүруге әрекеттенген 153 талапкердің 89 тестілеу нәтижесі жойылды. Емтихан кезінде ереже бұзғаны үшін 61 талапкер, бейнероликтерді қайта тексеру нәтижесінде 3 адам шеттетілді.



«Тестілеу кезінде бұл үш талапкер смартфон пайдаланып, тестті фотоға түсіріп, емтихан материалдарын басқаларға жіберген. Тестілеушілердің сертификаты жойылды, тест сұрақтары базадан алынып тасталды. Барлық видео тексеріледі»,-Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.



FACE-ID жүйесінің арқасында тестілеуге кіре берісте басқа адамдар үшін тест тапсырмақ болған төрт тұлға анықталды. Олар туралы ақпарат уәкілетті органға жолданды. Айтпақшы, былтыр тестілеуден өтетін адам орнына бір ғана адам кірген еді.



«Кешенді тестілеуге тіркелу кезінде тестілеушілерден ережелермен толық танысып, келісімін көрсету ұсынылады. Соған қарамастан олардың кейбіреулері түрлі қулыққа барып, заң бұзушылықпен сынақтан өтуге тырысады. Сондықтан мен болашақ магистранттарды ережені бұзбауға және академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға шақырамын»,-дейді Руслан Емелбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.