Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, биыл магистратура гранттарының конкурсына қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3 мыңға артық.
Үміткерлер арасында ең жоғары сұранысқа ие болған білім беру бағыттары: «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары»
Нәтиже қай күні және қайда жарияланады?
Конкурстық іріктеу қорытындысы 24 тамыз күні сағат 15:00-де ресми ақпараттық ресурстарда жарияланады.
Грант иегерлерінің тізімін келесі дереккөздерден қарауға болады:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің парақшалары:
Telegram: SayasatNurbekOfficial
Facebook: Sayasat Nurbek
Instagram: @sayasatnurbek
Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ресурстары:
Ресми сайт: gov.kz
Telegram: gylym_jogary_bilim
Facebook: gylym.jogarybilim
Instagram: @gylym_jogarybilim
Қабылдау мерзімі
Болашақ магистранттарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (ЖОО) қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.