AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Мадридте Қазақ киносының күндері басталды

Мадридте Қазақ киносының күндері басталды

Әлем 19.09.2022, 11:19 1,409
Мадридте Қазақ киносының күндері басталды
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Шара екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанының 30 жылдығына орайластырылған.


Мадридтің тарихи орталығында, Әсем өнерлер орталығы кинотеатрында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Қазақстанның Испаниядағы Елшілігінің қолғабысымен Қазақстан киносы күндерінің ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Сыртқы саяси ведомствоның мәліметінше, шараға Испанияның Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігінің өкілдері, дипломатиялық корпус, қазақтандықтар диаспора, шетелдік киносүйер қауым қатысты.


Көрсетілім басталар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Елшісі Константин Жигалов бұл шара екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанының 30 жылдығына орайластырылғанын хабарлады.
Қазақстандық дипломат екі ел арасындағы мәдени алмасудың жоғары деңгейін атап өтті.


Оның ішінде соңғы жылдардағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры мен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің гастрольдік сапары, заманауи қазақ прозасы мен поэзиясының антологиясының испан тіліндегі тұсаукесері бар.


К. Жигалов 2016 жылдан бері «Қазақфильм» киностудиясы мен Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Барселонада өтетін жыл сайынғы Азия кинофестивалінде қазақстандық фильмдер тұрақты түрде көрсетіліп келе жатқанына тоқталды.


Әсем өнерлер орталығында режиссер Ернар Нұрғалиевтің «Алға» және режиссер Фархад Шәріповтің «Схема» фильмдерінің еуропалық премьерасы өтіп, оған Ф. Шәріпов және «Алға» фильмінің продюсері Максим Акбаров қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #Мадрид #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);