Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Мәдениеттіктер» мәжілісменге мұң шақты

«Мәдениеттіктер» мәжілісменге мұң шақты

Әлеумет 08.01.2024, 08:36 1,141
«Мәдениеттіктер» мәжілісменге мұң шақты
Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Алматыда мұқтаж жандар қоныстанған жаңа тұрғын үй кешенінен кемшіліктер анықталды.


Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Алматыдағы «Мәдениет» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Үш мыңға жуық адам қоныстанған «Мәдениет» тұрғын үйінің басым бөлігін әлеуметтік тұрғыда мұқтаж адамдар құрайды. Кезінде Алматы әкімдігінің шешімімен мұнда тұтас корпустарға туғаннан кемтар бала асырап отырған отбасылар, жалғызбасты аналар мен әлеуметтік қамқорлықты қажет ететін адамдар қоныстандырылған.



Әлеуметтік қамқорлықты қажет ететін адамдардың жағдайын ескерген депутат Ермұрат Бапи былтыр бұл «Мәдениет» ықшамауданын өзінің депутаттық бақылауына алған болатын.



«Мемлекеттік бағдарламамен салынған бұл тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары барысында мердігер компания «Промкомплект» ЖШС тарапынан бірқатар кемшілікке жол берілген. Бұл құрылыс кінәраты тұрғындарға көп қолайсыздық туғызып отыр. Тіпті, құрылыс талаптары сақталмағаны былай тұрсын, жауын-шашын кезінде үйлердің төбесінен су ағатын», – деді Ермұрат Бапи.



Осыған орай депутат тұрғындарға туғызған осы келеңсіздіктің барлығын ескеріп, қаладағы Алатау аудандық әкімшілігінің басшылығын, жауапты мекемелер мен мердігер компаниялардың өкілдерін шақыртты. Кемшіліктерді жою мәселесін тұрғындардың тікелей қатысуымен талқылап, биыл оң шешімін табуы тиіс екенін айтты. Мүдделі мекемелер мен жергілікті мемлекеттік органның басшылығы талап еткен тапсырмалар толық орындалатынын айтты. 


 


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәдениет #депутат #тұрғын үй #кемшілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.