AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Мәдениет жұлдыздары Алматыдағы референдумда азамат...

Мәдениет жұлдыздары Алматыдағы референдумда азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті

Референдум 15.03.2026, 19:45 320 Сұлу
Мәдениет жұлдыздары Алматыдағы референдумда азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті
Видео кадры

Алматыда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумға Қазақстанның белгілі мәдениет, өнер және әдебиет қайраткерлері қатысты. Дауыс бергендердің қатарында танымал артистер, композиторлар, жазушылар және шығармашылық зиялы қауым өкілдері болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Белгілі композитор, Қазақстанның халық артисі және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алтынбек Қоразбаев Оқушылар сарайында орналасқан референдум учаскесінде дауыс берді. Оның айтуынша, мұндай маңызды оқиғаға қатысу – әр азаматтың ел болашағына қосқан үлесі.

«Мемлекеттің болашағы бүгінгі таңдауға байланысты. Мен бүгін Қазақстанның жарқын әрі тұрақты болашағы және өскелең ұрпақтың игілігі үшін дауыс бердім», — деді композитор.

Референдумға Қазақстанның халық артисі, актер әрі режиссер Досқан Жолжақсынов пен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші әрі тележүргізуші Қарагөз Сүлейменова да қатысты.

Досқан Жолжақсыновтың айтуынша, азаматтардың мұндай маңызды оқиғаларға қатысуы қоғам үшін айрықша мәнге ие.

«Бұл референдум еліміздің болашағы үшін маңызды кезең. Әрбір азаматтың дауысы – қоғам алдындағы жауапкершілік әрі мемлекеттің дамуына қосқан үлесі», — деді ол.

Референдумға әдеби орта өкілдері де белсенді қатысты. Олардың қатарында ақын әрі қоғам қайраткері Жүрсін Ерман, жазушы Кәдірбек Сегізбаев және Медеу ауданындағы №359 учаскеде дауыс берген белгілі жазушы, ұлттық дәстүрді насихаттаушы Зейнеп Ахметова бар.

Мәдениет қайраткерлерінің айтуынша, референдумға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі әрі ел болашағына қатысты пікір білдіру мүмкіндігі. Олардың қатысуы қоғамда белсенді азаматтық ұстанымның маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);