AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Шешім / Мәдениет, спорт, туризм және архив саласы қызметке...

Мәдениет, спорт, туризм және архив саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды

Шешім 24.10.2022, 07:00 2,207
Мәдениет, спорт, туризм және архив саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды
Сурет: Inform.kz

Мәдениет және спорт саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.






Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Sensitive нашар еститін бишілер театрының көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщикова «Құрмет» орденімен марапатталды. Награданы Ұлттық мереке қарсаңында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев табыстады.


Естеріңізге сала кетейік, Ольга Ростовщикованың жетекшілігімен есту және сөйлеу қабілеті нашар, ерекше артистер АҚШ-тағы XXV дүниежүзілік өнер чемпионатының гран-приін жеңіп алған еді. 72 ел қатысқан жарыста жерлестеріміз үздік атанды.


Сонымен қатар, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жеңіл атлетика (сурдо) бойынша спортшысы Фархад Қыстаубаев, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының грек-рим күресі бойынша бас жаттықтырушысы Шонху Хайратаан, еркін күрестен белгілі жаттықтырушы, еңбек ардагері Аманжол Бұғыбаев, еңбек ардагері Ермек Жүсіпов, белгілі мүсінші, еңбек ардагері Асқар Нартов, еңбек ардагері Рысты Сариева және Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Айтжан Тоқтаған «Құрмет» орденімен марапатталды.


Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экскурсия жөніндегі нұсқаушысы-мемлекеттік инспекторы Алтынбек Құрманов, Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры Гүлнар Саитова, Абай атындағы театр артисі Рысбүбі Төлеуханова, өнертанушы Шайзада Тоқтабаева және «Астана» КҚК бас атқарушы директоры Тастанбек Есентаев марапатталды.


Салтанатты рәсім барысында мәдениет, спорт, туризм және архив қыметкерлеріне «Шапағат» медалі табысталды, мәдениет саласындағы ерекше жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы тағайындалды, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталды.







Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәдениет және спорт #мемлекеттік наградалар #«Құрмет» ордені
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);