AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Лондонда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ар...

Лондонда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған инвестициялық форум өтті

Тәуелсіздік-30 01.11.2021, 05:42 1,620
Лондонда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған инвестициялық форум өтті
Сурет: Inform.kz

Іскерлік кеңес аясында «Самұрық-Қазына» мен ARQ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды


Шараға Лондон қор биржасының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшылығы, қазақстандық және британиялық іскерлер қауымдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Лондон қор биржасының капитал нарықтары жөніндегі тобының жетекшісі Мюррей Рооспен кездесіп, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясын жекешелендіру мысалында Қор мен биржаның тиімді ынтымақтастығын тілге тиек етті. «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын жариялы түрде орналастыру тұңғыш рет Нұр-Сұлтан мен Лондондағы алаңдарда 2018 жылы жүргізілген. Ал 2019 және 2020 жылдары қосымша акциялар орналастырылды.


Нәтижесінде, «ҚазАтомӨнеркәсіптің» 25% үлесі жеке инвесторлардың қолына өтіп, компания 785 млн доллар көлемінде инвестиция тартты. Лондон қор биржасының капитал нарықтары жөніндегі тобының жетекшісі Мюррей Роос «Самұрық-Қазына» Қорымен серіктестіктің әлеуеті зор екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар Лондонда Қазақстан – Британия іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Бұл құрылымға «Самұрық-Қазына» Қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев пен Ұлыбританияның Қазақстандағы Сауда елшісі баронесса Эмма Николсон тең төрағалық етеді. Шараға қазақстандық және британиялық іскерлік қауымдастықтың өкілдері және халықаралық инвесторлар қатысты.


Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттың өзгеруіне арналған COP26 конференциясы қарсаңында отырыста қаралған басты тақырыптардың бірі – тұрақты даму мен 2060 жылға дейін көміртек бейтараптығына қол жеткізу мәселесі. Іскерлік кеңес аясында «Самұрық-Қазына» мен ARQ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. ARQ басшысы Джулиана МакИнтайер мәлімдегеніндей, британиялық инвесторлар Қазақстан аумағында көмір өндіру қалдықтарын қайта өңдейтін кәсіпорын құрылысын жүргізуге қызығушылық танытып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік #инвесторлар #іскерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);