ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Ливан мен Израиль тарихи келісімге келді

Ливан мен Израиль тарихи келісімге келді

Әлем 14.10.2022, 09:14 1,168
Ливан мен Израиль тарихи келісімге келді
Сурет: Stmegi.com
Келесі апта қол қойылады деп күтілуде.

Келесі апта қол қойылады деп күтілуде.


Екі елдің көшбасшылары АҚШ-тың делдалдығымен келісімге келді. Яғни екі мемлекетке де Шығыс Жерорта теңізіндегі газ кен орындарын игеруге мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.


Келісімге келесі апта қол қойылады деп күтілуде. Екі ел де көптеген жылдар бойы нәтижесіз келіссөздерден кейін келісім жасасуға ынталы.


Екі ел арасындағы келіспеушілік жалпы ауданы 860 шаршы шақырым болатын мұнай мен газға бай теңіз аймағына қатысты туындаған. Оған Израильдің ерекше экономикалық аймағының 2% және Ливанның 3% кіреді. Тараптар көптеген жылдар бойы даулы аймақтағы шекараларды белгілеу туралы нәтижесіз келіссөздер жүргізіп келді.


Ливан мен Израиль арасындағы соғыс толығымен аяқталмағаны әрі ресми түрде дипломатиялық байланыстың жоқтығы жағдайды қиындата түсті. Алайда, тараптардың ақыры ортақ тіл табуына кедергі болмады. Тек 2020 жылдан бастап БҰҰ қолдауымен және Америка Құрама Штаттарының делдалдығымен жүзеге асырылған даулы аумақтар мәселесі бойынша жанама келіссөздердің кемінде бес сессиясы өткізілді.


Соңғы келіссөздерде тағы да Вашингтон медиатор болды. Бұл жолы АҚШ Мемлекеттік энергетикалық қауіпсіздік департаментінің аға кеңесшісі Амос Хохштейн келіссөз жүргізуші болып тағайындалды. Келісімнің жаңа жобасы көпшілікке жария етілмегенімен, ливандықтар мен израильдіктер оны оң бағалады. Израильдің Haaretz газетінің хабарлауынша, жоба Бейруттың тілектерін сай, Ливанға даулы теңіз аймағының көп бөлігін беруді көздейді. Бірақ Израиль өзінің Кариштегі газ мұнарасын алады. Ливан сонымен қатар бірден екі жаққа тиесілі Кана аймағында өзінің бұрғылау қондырғысын орната алады. Алайда Израильге француздық Total Energies компаниясы Каннан өндіретін газдан түсетін кірістің бір бөлігін беріп отыруы тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.