Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Литвада Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы аталып өтті

Литвада Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы аталып өтті

Әлеумет 30.11.2022, 13:26 1,219
Литвада Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы аталып өтті
Сурет: Министрлік

Іс-шара аясында Абай өлеңдеріне, оның ішінде литва тіліне аударылған музыкалық шығармалар орындалды


А.Мицкевич атындағы Вильнюс облыстық кітапханасында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған салтанатты кеш және литва тілінде қайта басылған «Абай жолы» роман-эпопеясының презентациясы өтті. Almaty-akshamy.kz бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Қазақстандық дипломаттар М.Әуезовтің шығармашылығы, ақын-ойшыл Абай Құнанбаевтың өмірі туралы баяндайтын әлемдік әдебиет жауһарының дайындалу тарихы туралы айтып берді.


Іс-шараға онлайн режимде қосылған М.Әуезовтің немересі, арабтанушы Зифа-Алуа Әуезова литвалықтардың өскелең ұрпағы қазақтың ұлы жазушысының мұрасымен енді ана тілінде таныса алатынын, бұл мүмкіндік үшін ҚР Елшілігі мен «Жара» баспасына алғысын білдірді.


А.Мицкевич атындағы Вильнюс облыстық кітапханасының директоры Эмилия Банионите «Абай жолы» романының жаңа басылымы 2020 жылы ел астанасындағы кітапханада ашылған Абай Құнанбайұлы атындағы оқу залының інжу-маржанына айналатынын атап өтті.


Іс-шара аясында Абай өлеңдеріне, оның ішінде литва тіліне аударылған музыкалық шығармалар орындалды.


Сондай-ақ елшілік дипломаттары қонақтарға биыл тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде мерейтойлары тойланып жатқан қазақ халқының екі көрнекті өкілі – Ахмет Байтұрсынов пен Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді.


Кеш соңында қонақтар қазақ әдебиеті, мәдениеті және халқымыздың тарихы туралы көбірек білуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.


М.Әуезовтің литва тіліндегі «Абай жолы» қайта басылып шыққан роман-эпопеясының және Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» повесінің тұңғыш тұсаукесері 2020 жылдың 14 желтоқсанында пандемия жағдайында онлайн режимде өтті. Жарық көрген кітаптар Литваның барлық облыстық және басқа да ірі кітапханаларына сыйға тартылатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Литва #М.Әуезов 125 жылдығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық «Болашақ» стипендиаттары Президентпен Вашингтонда жүздесті

Кеше 21:27

Алматылық спортшы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Кеше 20:25

Еңбек демалысы сақталады: Конституцияның жаңа редакциясы жобасына қатысты түсіндірме

Кеше 18:36

Қорғаныс министрі Парламент депутаттарына Алматыда Sarbaz+ жобасын таныстырды

Кеше 16:47

Алматыда Жаңа Конституцияны қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті

Кеше 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі