AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Ленинград қасіретінің» куәгері

«Ленинград қасіретінің» куәгері

Әлеумет 19.09.2024, 16:43 1,164 Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА, ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі
«Ленинград қасіретінің» куәгері
ҰҚК Шекара қызметі
 

27 қаңтарда Ленинградтың фашист басқыншыларының қоршауынан азат етілгеніне 80 жыл толды. Бұл тарихи оқиғаны жыр алыбы Жамбыл Жабаев өзінің «Ленинградтық өрендерім» атты жырында мәңгілікке қалдырған. Аталған қасіретті өз көзімен көргендердің бірі – отставкадағы майор, шекара ардагері Юрий Федорович Никифоров.

Ленинград қоршауында болған күндерді басынан кешірген Юрий Федоровичпен кездесу Алматы облысы Қарасай ауданы шекара қызметінің сарбаздары үшін ерекше әсерлі болды. Ардагермен кездесу шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Алматы облысы бойынша филиалының басшысы, запастағы полковник Дәулетқали Мамырхановтың басшылығымен ұйымдастырылды.

Кездесу барысында ардагер Ленинград қоршауындағы қиын кезеңдер туралы жан тебірентерлік естеліктерімен бөлісті. Ол сол кездегі қоршаудағы өмірді, аштықтан аман қалған балалық шағын еске алды. Әкесі соғыстың алғашқы күнінде майданға аттанып, Венгрияда қаза тапса, анасы қоршаудағы қиыншылықтан қайтыс болғанын, ал ағасы екеуін әжесінің қалай құтқарып қалғанын айтты.

Юрий Федорович суворовшылар мектебін аяқтаған соң, әскери байланысшыларды даярлайтын училищеге түсіп, Қазақстанда шекара қызметінде ұзақ жылдар қызмет етті. Осы жылдарда ол Қазақ радиосының дикторы Мұқағали Мақатаевпен танысып, оның өлеңдерін тыңдағанын ерекше мақтанышпен әңгімеледі.

Кездесу соңында шекара қызметінің бөлім бастығы подполковник Сағадат Әуезов ардагердің тағылымды әңгімесі үшін алғысын білдіріп, жас сарбаздарға ақ жол тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ленинград #қоршау #80 жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);