конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Лагерьдегі ғажайып әлем

Лагерьдегі ғажайып әлем

Білім және ғылым 05.06.2024, 13:47 1,126
Лагерьдегі  ғажайып  әлем
Сурет: автор

Міне, көптен күткен жазғы демалыста басталды. Оқушылар үшін жазғы демалыстың  қызыққа толы  күндері де әлі алда.  Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз, - деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы  лагерьлерге  баруға асығады.  Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз.

Алматы қаласы, Әуезов ауданына қарасты № 173 мектеп-лицейде Байымбетова Ляйля Мұхамеджанқызы басшылығымен,  оқу-тәрбие процессінің сабақтастығын , балалардың демалысы мен сауықтыруының әртүрлі қажеттігін қамтамасыз ету мақсатында мамыр айының 27.05.- 7.06.24ж  аралығында  ашылған «Ғажайып әлем» жазғы демалыс  лагері өз жұмысын бастап кетті.                                 

Демалушыларға  қауіпсіздік ережелері  толық таныстырылды.  Лагерь топтарына бөлінген  кабинеттер  санитарлық талапқа сай  безендендіріліп, балаларға жайлы жағдай  жасалуы ескерілген. Сондай-ақ балалардың саяхаттары мен  экскурссияларын сапалы ұйымдастыру  қарастырылған.  Балалардың өмір қауіпсіздігі мен  денсаулығына жауаптылық тәрбиеші ұстаздарға жүктеліп отыр.  Мектеп жанынан құрылған  жазғы демалыс орнында   бүгінде  312 балдырған  бос  уақыттарын тиімді де көңілді өткізіп жатыр. Олардың ішінде көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы  балаларының   қамтылуы  басты  назарға алынды.  

Атап айтсақ «Балдырған» , «Балапан», «Аяла», «Күншуақ», «Айгөлек», «Болашақ», «Құлыншақ», «Балауса» атты топтар құрылып,  жетекшілері бекітіліп, жоспар бойынша  күнделікті жұмыстары   өз деңгейінде көңілді де қызықты өтіп жатқанын айтқым келеді.  Сонымен қатар оқушылар арасында әртүрлі ойындар мен іс-шаралар ұйымдастырылды. «Ертегілер әлемінде» , «Жас аспаздар байқауы», «Денсаулық күні», «Суға жүзуді  үйренемін», «Қыш құмыра»  сияқты өткізілген жұмыстар оқушылардың белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыра түсуде.    

Жазғы үлкен үзіліс ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының  денсаулығын бекіту, денесін шынықтыру  күш жинауы үшін беріле отырып, келесі оқу жылына сергектікпен оралуына ықпал етеді десек артық айтқандық емес.   

Балалар үшін жаз мезгілі өте пайдалы өтуі тиіс. Бұл мезгілде олар өз уақыттарын тиімді пайдаланып, жазғы демалыс орындарына бару арқылы танымдық, тағылымдық тұрғыдан дами алады. Сондықтан жаз мезгілінде осындай жазғы сауықтыру лагері балалардың мүмкіндіктерін одан әрі аша түседі  ,-  деп айтқым келеді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жаз #демалыс #балалар #лагерь
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ғарыштық ауқым: Канье Уэсттің Алматыдағы шоуы қалай өтіп жатыр

Бүгін 23:11

«Тәртіпке, тазалыққа шақырамыз»: концертте еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Бүгін 22:50

Мыңдаған шақырымды еңсерді: Канье Уэсттің жанкүйері Алматыға арнайы келді

Бүгін 22:05

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды

Бүгін 22:01

«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Бүгін 21:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);