AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Күзгі шақыру: Қазақстан әскеріне 20 000-нан аса аз...

Күзгі шақыру: Қазақстан әскеріне 20 000-нан аса азамат шақырылады

Әлеумет 09.10.2024, 08:40 1,090 dulatbekova
Күзгі шақыру: Қазақстан әскеріне 20 000-нан аса азамат шақырылады
Сурет: Gov.kz

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны жөнінде Қорғаныс министрлігінің брифингі өтті.

Брифинг барысында әскери қызметтің тартымдылығы және одан жалтару жауапкершілігі төңірегіндегі мәселелер талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның және ҰҚК Шекара қызметінің әскерге шақыруға жауапты лауазымды тұлғалары журналистердің сұрақтарына жауап берді.

ҚР Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Фархат Айдарбаев қазіргі әскерге шақырудың ерекшелігі шақыру науқанының ашықтығы және жастардың мерзімді әскери қызметке деген саналы қадамы деп атап өтті.

– Осы күзде ел Қарулы күштеріне – 10000-ға жуық, Ұлттық ұланға – 6 мыңнан аса адам шақырылады, ҰҚК Шекара қызметіне - үш жарым мыңға жуық әскерге шақырылушы, Төтенше жағдайлар министрлігіне – 300-ден астам және Мемлекеттік күзет қызметіне 250-ден аса адам іріктелмек, – деп мәлімдеді Фархат Айдарбаев.

Ол сарбаздардың әскердегі қызметтік әрекеті қоғамның бақылауында екенін атап өтті. Сарбаздар аналары комитетінің өкілдеріне кез келген уақытта Қарулы күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдеріне баруға рұқсат етіледі. «Отбасымен бейнеқоңырау» сервисі жұмыс істейді. Бұл сарбаздарға туған-туыстарымен бейне байланыс арқылы хабарласуға мүмкіндік береді.

Қорғаныс ведомствосының өкілі оған қоса мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қатысты қолданылатын преференцияларға да тоқталып өтті.
Белгіленген уақытта әскери борышын өтеген, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықта жоғары нәтижелер көрсеткен жастарға гранттар бөлу және жоғары оқу орындарынан жатақхана беру нормалары заң жүзінде бекітілген.

Жоғары оқу орындары бойынша сарбаздардың рейтингін анықтау және бөлу «Срочники 2.0» цифрлық платформасында автоматты түрде іске асырылады. Жоғары оқу орнына түсуге дайындалу үшін әскери қызметшілерге электрондық кітапхананы пайдалануға мүмкіндік жасалған.
Қаржы ұйымдары алдында қарызы бар сарбаздарға 14 ай мерзімге кредиттік демалыс беру – әскери қызметке ынталандырудың тағы бір фактісі.

Кездесу соңында полковник Фархат Айдарбаев әскерден жалтару соңы айыппұлдар мен әкімшілік жазаларға әкеп соқтыратынын, ал үшінші тұлғалар арқылы мерзімді әскери қызметті кейінге қалдыру немесе босату әрекеттері заңсыз екенін еске салды.

– Әскерге шақыруды кейінге қалдыру және одан босату мемлекеттік қызмет түрі болғандықтан, ол қызмет азаматтарға «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі. Бұл қызметтерді көрсетуге жергілікті атқарушы органдар жауапты, – деп сөзін түйіндеді полковник Фархат Айдарбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күзгі шақыру #әскер #сарбаздар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);