Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Күзгі кептелістер: қыркүйек айында Астана және Алм...

Күзгі кептелістер: қыркүйек айында Астана және Алматы жолдарына талдау жасалды

Әлеумет 06.09.2024, 17:40 795
Күзгі кептелістер: қыркүйек айында Астана және Алматы  жолдарына талдау жасалды
Қайрат Қонысбаев

Sergek ITS сарапшылары тамыз және қыркүйек айларында Астана мен Алматы қалаларындағы жол қозғалысы жағдайын зерттеді. Зерттеу нәтижесінде күз келгенде жүргізушілердің межелі жерге уақытында жетуі үшін жолға 30%-ға көбірек уақыт
жоспарлауы қажеттігі анықталды. Бұл қыркүйек айында кейбір көшелерде көлік жылдамдығының 20-25%-ға төмендеуімен байланысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Айта кетейік, жаңа оқу жылының басталуымен таңғы қарбалас уақытта кейбір көшелерде тамыз айымен салыстырғанда көлік саны екі есе көбейген. 

Мәселен, 2 қыркүйек күні Астана қаласында таңғы 7:00-де Сарайшык көшесіндегі орташа жылдамдық 26 тамыздағы дүйсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 20%-ға төмендеді. Бұл күні Сарайшық көшесіне 7,5 мың көлік орнына 11 мыңнан астам жүргізуші шыққан. Ұқсас жағдай елордадағы басқа да негізгі даңғылдарда байқалды.

Мәселен, Мәңгілік Ел даңғылына шыққан көліктер саны шамамен 40%-ға, ал Тұран даңғылында 30%-ға артқан. 

Алматы қаласында көлік қозғалысы ең көп жүктелген даңғылдар – Әл-Фараби және Абай даңғылдары болды. 2 қыркүйек күні таңертең батыс бағытта Әл-Фараби даңғылына 8 мың көлік орнына 11 мың көлік шығып, қозғалыс жылдамдығы 15%-ға төмендеген. Ал Абай даңғылында екі бағытта да 17 мың көлік орнына 23 мың көлік шығып, қозғалыс
жылдамдығы бірден 25%-ға төмендеген. 

Сонымен қатар, Райымбек даңғылында (14%), Төле би көшесінде (20%) және Шығыс айналма жолында (14%) көлік санының өскені байқалған. Осылайша, оқу жылы басталғанға дейін жүргізуші жолда шамамен бір сағат уақыт жұмсаса, қазіргі жылдамдық пен кептелістерді ескерсек, бұл уақыт шамамен 1 сағат 20 минутқа созылады.

Талдау барысында 26 тамыз бен 2 қыркүйек дүйсенбі күндеріндегі орташа қозғалыс жылдамдығы мен көлік саны сияқты параметрлер негізге алынды. Зерттеуге Астана мен Алматы қалаларының ең жүктелген көшелері енгізілді.

Еске сала кетейік, Sergek ITS (Intelligent Transportation System) – бұл қаладағы кептелістердің себептерін анықтауға, қоғамдық көлік үшін тиімді бағыттар мен кестелер құруға, қалалық инфрақұрылымды жоспарлауды өзгертуге, сондай-ақ адамдардың маятниктік көші-қонының
себептерін түсінуге мүмкіндік беретін интеллектуалды көлік жүйесі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сергек #жол кептелісі #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.