AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Күрес түрлерінен әлем чемпионаты: Албанияда белдес...

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты: Албанияда белдесетін палуандар

Әлеумет 19.10.2024, 10:49 1,122 Nursok82
Күрес түрлерінен әлем чемпионаты: Албанияда белдесетін палуандар
kaz.vesti.kz

Санаулы күндерден соң Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен кезекті әлем чемпионатының жалауы желбірейді.

Алдымен 23 жасқа дейінгі палуандар бозкілемде белдессе, кейіннен ересектер олимпиадалық емес салмақтарда өзара кім мықтыны анықтайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты 2005 жылдан бері жыл сайын тұрақты өткізіліп келеді. Ал 2016 жылдан бастап Біріккен күрес әлемі (UWW) халықаралық федерациясының бастамасымен алғаш рет олимпиадалық емес салмақтардағы әлем біріншілігі қолға алынды. Яғни, Олимпиада өткен жылы олимпиадалық салмақтарда әлем чемпионаты ұйымдастырылмайды.

Олимпиадалық емес салмақтардағы алғашқы жаһандық дода 2016 жылдың 8-11 желтоқсанында Мажарстанның Будапешт қаласында өтті. Оған Қазақстан құрамасының алты палуаны қатысып, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Еркін күрестен Нұрлан Бекжанов (70 кг) күміс жүлдегер атанса, әйелдер күресінен Айым Әбділдина (55 кг) қола медаль иеленді. 2020 жылы өтуге тиіс болған жаһандық дода пандемияға байланысты өтпей қалды. Олимпиадалық емес салмақтардағы әлем чемпионаты Олимпиада бағдарламасына енбей қалған төрт салмақ дәрежесінде өткізіледі. Атап айтқанда, еркін күрес шеберлері 61, 70, 79, 92 кг, әйелдер күресі өкілдері 55, 59, 65, 72 кг және грек-рим күресі палуандары 55, 63, 72, 82 кг салмақтарда белдеседі. Бұл дода аталған салмақтағы палуандардың жарыссыз қалмауы үшін ұйымдастырылады. Сондықтан Олимпиадаға қатысқан палуандар бұл әлем чемпионатында өнер көрсете алмайды.

Ересектер арасындағы әлем чемпионаты 28 қазанда басталып, 31 қазанда мәресіне жетеді. Финалдық бәсекелер 29 қазан (грек-рим), 30 қазан (әйелдер күресі) және 31 қазан (еркін күрес) күндеріне жоспарланған. Қазіргі таңда әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының палуандары анықталып, жарысқа қарқынды дайындалып жатыр.

Албаниядағы әлем чемпионатында төмендегі палуандарға сенім артамыз.

Грек-рим күресі: 55 келі салмақта Исхар Құрбаев, 63 келі - Ержет Жарлықасын, 72 келі - Мейіржан Шермаханбет, 82 келі  - Евгений Поливадов.

Әйелдер күресі: 55 келі салмақта Зүлфия Яхьярова, 59 келі - Диана Қаюмова, 65 келі - Ирина Казюлина, 72 келі - Жәмила Бақбергенова.

Еркін күрес: 61 келі - Асыл Айтақын, 70 келі - Нұрғожа Қайпанов, 79 келі - Дәулет Ергеш, 92 келі Нұрдәулет Бекенов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Албания #Күрес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);