Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Курьерге көп сенбеңіз

Курьерге көп сенбеңіз

Әлеумет 17.11.2023, 10:25 1,300
Курьерге көп сенбеңіз
Сурет: ашық дереккөз

Алматылықтарға курьерге «кодты» тауарды тексеріп алғаннан кейін ғана айту кеңесі берілді


«Ұлттық тұтынушылар лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Светлана Романовская Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді. Оның айтуынша, тұтынушыларға ақшаны айтарлықтай үнемдеп, сапасы төмен тауарларға ұрынып қалмау үшін жаппай сатылымға дұрыс дайындалуы керектігін ескертті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  


Біріншіден, Романовская тауарларды несиеге алуға кеңес бермейді. Дегенмен сатып алған тауарды екі апта ішінде қайтаруға құқы бар секілді тұтынушының несиеден де осы уақыт ішінде бас тартуына мүмкіндігі бар.  




 «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 14-бабы негізінде несиеден бас тартуға болады, тек осы екі апта ішіндегі пайызын төлейді. Егер адамдардың несиеге алған тауары ұнамаса, немесе көңілінен шықпай қалса, осыны естен шығармағандары дұрыс. Екіншіден, адамдар тауарларды қайдан алып жатқанын түсінгені де өте маңызды. Себебі алаяқтық әрекеттер жиі кездеседі. Қазірдің өзінде дайындалып, қажетті зат немесе қызмет қанша тұратынын біліп алу керек. Оның қазір қанша тұратынын және «жеңілдіктер жұмасында» қаншаға сататынын білген жөн», - дейді С. Романовская.



Үшінші фактор – сауда орнындағы барлық тауарды қарап шығу керек деп асығудың қажеті жоқ, алдымен ол заттың Сізге қаншалықты қажеті бар-жоғын нақтылап алғаныңыз жөн. Сатушы тауар сапасына кепілдік беретініне және сенім телефон нөмірлерінің бар-жоғына көз жеткізгеніңіз абзал. Егер де тауарды интернет-дүкендер арқылы сатып алған болсаңыз, онда тауарды жеткізуші курьерге бірден «кодты» айтпаңыз. Алдымен тауардың сапасын тексеріп, мүлкіңіз көңілге қонған кезде барып жасырын «кодты» айтқан жөн. 



«Тұтынушы тауар белгілерін сақтай отырып, оны ақырын ашып, қарай алады. Егер курьер өзін жай ғана жеткізуші және тауарға еш қатысы жоғын айта бастаса, сенбеңіз. Егер тауар Сіздің көңіліңізден шыққаннан кейін кодты хабарлаңыз»- дейді сарапшы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#курьер #Сапа #қызмет #тауар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.