Михаил Шайдоров пен Джеки Чан кездесіп, гала-кеште ерекше жылы көрініс болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаушылардың гала-кешінде көрермендерге нағыз тосынсый көрсетті. Оның Кунг-фу панда кейпінде орындаған биіне әйгілі актер Джеки Чан тәнті болып, мұз айдынының қасында иіліп, ілтипатын білдіріп, жұмсақ ойыншық сыйлады.
Шайдоров миллиондаған жанкүйердің кумирімен кездесу сәтін былай сипаттады: «Барлығы күтпеген жағдай болды. Аренаға келгенде Джеки Чан қонақтар арасында екенін айтты. Мен мүмкіндікті пайдаланып, оның жанына барып, бірге суретке түстім. Ол мені жеңіспен құттықтап, гала-кештегі нөмірімді көруге шақырды. Ұйымдастырушылармен оның финалда мұзға шығуы мүмкіндігін талқыладық».
Концерт аяқталған соң екі өнер иесі бірге суретке түсіп, өзара әңгімелескен.