AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Күндіз көліктің жарығын жақпаған жүргізушілерге ен...

Күндіз көліктің жарығын жақпаған жүргізушілерге енді айыппұл салынбайды

Әлеумет 18.04.2024, 11:43 1,232
Күндіз көліктің жарығын жақпаған жүргізушілерге енді айыппұл салынбайды
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Қазір Мәжіліс депутаттары "Жол жүрісі туралы" заңды қарап жатыр.


Енді күндіз көлігінің жарық шамын қоспаған жүргізушілерге айыппұл салынбайды. Бұл талапты сақтау – міндетті емес. Дыбыс сигналын пайдалану қағидаларын бұзғандар да жауапқа тартылмайды. Тек ескертумен шектеледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Қазір Мәжіліс депутаттары "Жол жүрісі туралы" заңды қарап жатыр. Соның аясында құжатқа бірқатар өзгерістер енгізілмек.


Мәселен, соның бірі осы қала аумағында көліктің жарық шамдарын жағып жүруге қатысты болып отыр. Бұрын бұл ережені сақтамағандар 3 айлық есептік көрсеткіш демек, 11 076 теңге көлемінде айыппұл арқалайтын. Бұдан былай тек ескерту беріледі. Ал трассаға қатысты бұрынғы талаптар өз күшінде қалады.


Депутат Сергей Пономарев әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңа редакциясында денсаулыққа зиян келмеген жол көлік оқиғасы үшін жүргізуші куәлігінен айырылмайтынын айтты. Айтуынша, автотұрақ ақысын төлемегендер де жауапкершіліктен босатылады.


Сондай-ақ, заңға сәйкес, рұқсат етілген жылдамдықты 60 шақырымнан асырған көлік жүргізушілеріне жаза қатаңдатылғалы отыр. Оларға 40 айлық есептік көрсеткіш, демек 147 680 теңге мөлшерінде айыппұл салу көзделген.



"Бұл норманың заң талаптарын сақтайтын азаматтарға қатысы жоқ. Яғни, жылдамдықты 10, 20, 30, 40 шақырымға асыру туралы ереже сол күйінде қалады. Жтым қатты асырғандар үшін тәртіп қатаңдайды. Мәселен, қаладағы шектеу сағатына 60 шақырым болса, кейбір жүргізушілер 120-ға дейін жылдамдықты арттырады. Міне, заң осыларға қатысты. Тталқыланып жатқандықтан, нақты қандай айыппұл салынарын айта алмаймыз. Ол өзгеруі мүмкін", – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айыппұл #көлік #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);