Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Күнбағыс егетін шаруалар мемлекет қолдауына мұқтаж

Күнбағыс егетін шаруалар мемлекет қолдауына мұқтаж

Әлеумет 31.05.2023, 05:46 837
Күнбағыс егетін шаруалар мемлекет қолдауына мұқтаж
Сурет: ашық дереккөз

Былтыр дүние жүзі бойынша шемішкенің бағасы екі есе төмендеп кеткен.  



Қазақстанда күнбағыс егетін шаруалар банкрот болудың алдында тұр. Айтуларынша, көбі былтыр алған өнімдерін әлі күнге дейін сата алмаған. Кәсіпкерлер мұны шикізат бағасының екі есеге төмендеп кетуімен түсіндіреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 




31 арнаның «Информбюро» бағдарламасының мәліметіне сүйенгсек, Жандос Мұрат - бір мың гектар жерге егін егіп, табыс тауып отырған шаруалардың бірі. Оның айтуынша, алқаптың жартысына күнбағыс сеуіп, жылда жақсы өнім алатын болған. Бірақ, былтыр Қазақстанда және әлемде өнім молынан шыққандықтан, дүние жүзі бойынша шемішкенің бағасы екі есе төмендеп кеткен.  




«Адамдар жұмыссыз қалады. Бұл дегеніміз отбасын асырай алмайды және біздің қожалық жабылуға мәжбүр болады. Осы бөлшектер, тракторлар, саймандар, май, жанармай барлығы өте қатты қымбаттап кетті. Былтыр қымбаттағаннан әлі бағасы түспеді. Былтыр рубльге байланысты деп еді. Қазір рубль түсті, саймандар арзандаған жоқ»,– деді шаруа Жандос Мұрат.



Күнбағыс егетін шаруалар осындай қиын шақта мемлекет қолдауына мұқтаж екендерін айтады. Олар Үкіметтен қолдау көрсетуді не баж салығын алып тастауды сұрайды.



«Біз Ресейдің қасында тұрмыз. Ресейден көп шикізат келеді. Олардың бағасы өте арзан. Неге? Өйткені технология көп... Олардың бағасы төмен болған соң, біз олармен бәсеке жасай алмаймыз», – деді «Қазақстан фермерлер одағы» филиалының директоры Серік Байғалиев.



Сауда министрлігінің өкілдерінің айтуынша, былтыр күнбағыстың егістік алқабы 1 миллион гектарға дейін ұлғайған. Яғни, шаруалар мемлекет қолдауын пайдаланып, кәсіптерін дөңгелетіп, тиісінше ішкі нарықты қолжетімді шикізатпен қамтып отыр. 




«Біз қазір квотаның орнына экспорт салығын енгіздік. Яғни, біз экспортқа тыйым салмаймыз. Баж салығын төлеп сыртқа сата беруге болады. Мұндағы мақсат – шикізат өзімізде қалуы керек. Сонда ғана шаруалардың экспортқа емес, елдің ішінде де өз өнімдерін сатуға мүдделі болады», – деді СИМ сыртқы сауда қызметі департаментінің басқарма басшысы Думан Малғаждаров.



Бірақ шаруалар Үкіметтің бұл пікірімен келіспейді. Жағдай осылай жалғаса берсе, күнбағыс өсіретін кәсіпкерлердің қатары күрт азайып кетуі мүмкін екенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#күнбағыс #мұқтаж #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.