ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / КҮН САНЫ: аптаның айрықша көрсеткіштері

КҮН САНЫ: аптаның айрықша көрсеткіштері

Мұны білген жөн 29.08.2025, 16:06 482
КҮН САНЫ: аптаның айрықша көрсеткіштері
Жасанды интеллект
Аqshamnews.kz редакциясы "Күн саны" айдарында аптаның ең маңызды деректеріне шолу жасады.

Аqshamnews.kz редакциясы "Күн саны" айдарында аптаның ең маңызды деректеріне шолу жасады.

Қазақстанда шикізат емес экспорт пен сауда көлемі 8,6%-ға өсті

2025 жылғы қаңтар–шілде айларында сауда көлемі 8,6%-ға, ал салаға салынған инвестиция көлемі І жартыжылдықта 37%-ға өсіп, 438 млрд теңгеге жетті.

"Сауда саласында 800 мыңнан астам бизнес субъектісі айналысып, 1,5 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. "Айтылды-жасалды" қағидаты бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмалары қарқынды түрде жүзеге асырылуда", - деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Дүкен сөрелерінің 50 пайызы - қазақстандық тауарлар 

Дүкен сөрелеріндегі отандық тауарлар үлесін арттыру мақсатында отандық өндірушілер өнімдері үшін кемінде 50% сөрелік кеңістікті көздейтін бағдарлама іске қосылды.

Сонымен қатар, сапасыз әрі қауіпті өнімдердің нарыққа енуіне шектеу қою бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Барлық бақылаушы органдардың қатысуымен Ахуалдық штаб тиімді жұмыс атқаруда. 47 мыңнан астам көлік тексерілді, тауарлық салмақта бұл 600 мың тоннадан астам мал шаруашылығы өнімдері. Оның ішінде 900-ден астам автокөлік кері қайтарылды, 1 мыңнан астам сәйкестікті растау құжаттарының күші жойылды", – деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Үкіметте алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қаралады
 
"2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заң жобасы Үкімет отырысында ұсынылды. Қаржы министрі Мәди Такиев еліміздің бас қаржы құжатының негізгі параметрлері туралы баяндады.

Кіріс қандай болмақ?

Оның айтуынша, 2026 жылы кірістер 23,1 трлн теңге, 2028 жылға қарай 27,6 трлн теңгеге дейін артады, шығыстар – 27,7 трлн теңге болады. Бюджет тапшылығы 2026 жылғы жалпы ішкі өнімнің 2,5%-ынан 2028 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 0,9%-ына дейін кезең-кезеңімен төмендетіледі. Министр бюджет ұзақ уақыт ішінде алғаш рет Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді пайдаланбай теңдестірілгенін атап өтті.

Шығыстардың негізгі үлесі – 38,7% немесе 10,7 трлн теңге, дәстүрлі түрде әлеуметтік салаға бағытталған.

"Таза Қазақстан" бастамасы аясында 1,3 млрд-тан аса көшет егілді

"Мемлекеттік орман қоры аумағына 1 млрд 369 млн көшет, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл көшеттерінің 48,7 млн данасы егілді", - деп мәлімдеді ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Заң және тәртіп: Қазақстанда қылмыстар санының 13%-ға төмендеуі тіркелді

"Біздің жұмыстың негізі – "Заң және тәртіп" қағидаты. Алдын алу шараларының арқасында қылмыстар саны 13%-ға төмендеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға аз. Кісі өлтіру, қарақшылық, тонау, бұзақылық, ұрлық және мал ұрлығы азайды. Бұрын сотталғандар жасайтын, қоғамдық орындарда және қару-жарақпен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтар саябырсыды. Бұл ретте олардың ашылуы жақсарды", - деп атап өтті ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.