Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Күйші орыс баласы Алматыға гран-примен оралды

Күйші орыс баласы Алматыға гран-примен оралды

Әлеумет 01.07.2023, 04:19 1,132
Күйші орыс баласы Алматыға гран-примен оралды
almaty-akshamy.kz

Жас күйші Тимурлан Васильев жуырда жаңа белесті бағындырды. 17 маусымда Түркия елінің Стамбул қаласында 7-10 жас аралығындағы балалар арасында домбырадан өткен Халықаралық байқаудан гран-при иеленіп қайтты. Оның көп баланың ішінен жұлдызын жаққан «Секіртпе» (авторы Абдулхамит Райымбергенов) мен «Ерке сылқым» (авторы Әбдімомын Желдібаев) күйлері болды.


Қазақшасы судай тоғыз жастағы Тимурлан Алматыдай алып шаһарда дүниеге келген. Домбырада шебер ойнайды. Әке-шешесі де өнерлі жандар. Анасы Шохноза Құрбанова – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем, Еуропа және басқа да халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Бүгінде «Спортты дамыту дирекциясында» спортшы-нұсқаушы болып еңбек етіп жүр. Әкесі Валерий Анатольевич те спортшы. Су асты спорты және қазіргі бессайыстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол да «Спортты дамыту дирекциясында» су асты спортынан аға жаттықтырушы болып еңбек етеді.


Осындай жандардан туған кішкентай Тимурлан туралы әңгіме тіпті бөлек. Ол жуырда мегаполистегі №183 жалпы білім беретін мектептің 2 А сыныбын үздік бітірді. Орыс баласы қазақ сыныбында оқиды.


Үш жасынан бері ата-анасының тобында жүзумен айналысып келеді. Осынау кішкентай балдырған Қазақстанның Әнұранын шетел төрінде бірнеше мәрте желбіретті. Мәселен, былтыр Таиландта өткен балалар арасындағы халықаралық турнирде Пхукет өзенінде жүзуден 100 м қашықтықта жеңімпаз атанып, жеңісіне орай Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды.  4*50 м эстафетасында да тағы да жеңіс үшін еліміздің Әнұраны шарықтады.


Тимурлан жүзумен айналысқан төрт жылы ішінде бас-аяғы 22 медаль жеңіп алған.


Кішкентай болса да үлкен де ауыр медальдарды көтеріп жүрген кеуделі, жақсылыққа ұмтылып жүретін, жаңашылдыққа құмар Тимурлан биыл екінші жыл «Робототехника» студиясында оқып жатыр. Тыңнан түрен салып, жаңалықтар ашқысы келеді. Ол қазірдің өзінде «легодан» роботтар, түрлі көліктер, қайықтар, ғимараттар және басқа да фантастикалық жобалар құрастыра біледі.


Жан-жақты бала жанына қазақтың қоңыр домбырасын да серік еткен. Төрінде ата-анасы алып берген домбырасы тұрады. Қуанғанда немесе сәл жабырқап қалса, домбырасының құлақ күйін келтіріп, күй төгетіні бар. 2021-2023 жылдар аралығында республикалық және қалалық домбыра байқауларының бірнеше дүркін жеңімпаз атанды.


Бәрекелді! Қазақ елінде қазақша білім алып, қазақтың қасиетті домбырасын серік еткен балдырғанға сәттіліктер тілейміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Домбыра #күйші #Тимурлан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.