Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Күдебаевқа үкім шықты

Күдебаевқа үкім шықты

Әлеумет 28.04.2023, 16:08 1,124
Күдебаевқа үкім шықты
Сурет: ашық дереккөз

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 10 жылға сотталды.


Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Үкімді Талдықорған қалалық сотының төрағасы Абдилла Умбетай шығарды.
Айта кетейік, Серік Күдебаевқа билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды.


Бірақ сотталушы тағылған айыппен келіспей, кінәсіз екенін жеткізді.



«Мен кінәлі емеспін. Тағылған айыппен келіспеймін. Халқыма оқ атпадым. Сот алдындағы процестерде жасаған әрекеттерімнің барлығы заңды екенін айтқанмын. Ешқандай азаптау болған жоқ. Жәбірленушілердің өздері оны жоққа шығарды»,- деді Серік Күдебаев соттағы соңғы сөзінде.



Бүгін сағат 11:00 де өтуі тиіс сот отырысы бірнеше сағатқа кешігіп басталды. Серік Күдебаевті сот залына арнайы күзетпен жеткізді. Сот отырысы 13:25-те басталды. Процесс басталмас бұрын Серік Күдебаевтің ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің елге өз еркімен келгенін мәлімдеді.


Прокурор судьядан С.Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.


Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Күдебаев қаңтар оқиғасына қатысты күдікті деп танылған еді.


Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.


2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.
30 наурыз, сағат 11:00-де Серік Күдебаевқа қатысты сот процессі өтуі тиіс болған. Бірақ айыпталушы сотқа келмеді. Соған оны сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шықты. Артынша генералдың елден қашып кеткені белгілі болып, оған халықаралық іздеу жарияланды.


Ал 27 сәуір күні Күдебаев Түркияда ұсталып, елге жеткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар #үкім #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.