AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Күдебаев ресми түрде шекараны кесіп өткен жоқ – Ше...

Күдебаев ресми түрде шекараны кесіп өткен жоқ – Шекара қызметі

Оқиға 03.04.2023, 18:40 1,426
Күдебаев ресми түрде шекараны кесіп өткен жоқ – Шекара қызметі
Сурет: Ашық дереккөз

9 наурызда ол гипертония диагнозымен медициналық мекемеге жатқызылған


ҰҚК Шекара қызметі Алматы және Жетісу облыстарының полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев ресми түрде шекараны кесіп өтпегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Бұған дейін Күдебаевтың 2023 жылдың 3 сәуірінде сотқа келмегені және оған іздеу жарияланғаны хабарланған болатын.


9 наурызда ол гипертония диагнозымен медициналық мекемеге жатқызылған болатын. Сотталушының ауруына байланысты сот отырыстары бірнеше рет кейінге қалдырылғандықтан, оны сотқа мәжбүрлеп жеткізу туралы шешім қабылданды.


Алайда, 3 сәуірде оның елде жоқ екендігі белгілі болды.


Айта кетсек, 2022 жылы 13 мамырда Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғаны белгілі болды. Бас прокуратура Алматы облысы ПД-ның экс-бастығы "ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған қызметіндегі әрекетсіздік" бабы бойынша күдікке ілінгенін хабарлады.


2023 жылы 31 қаңтарда Серік Күдебаев қаңтар оқиғалары кезінде Талдықорғаннан не үшін кеткенін айтып берді.


Прокурор 28 ақпанда Алматы облыстық полициясының бұрынғы бастығы Серік Күдебаевқа тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.


Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарып келген. Ол 2022 жылдың 18 ақпанынан бастап Ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күдебаев #шекара #ҰҚК
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);