AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кредиттік алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін іск...

Кредиттік алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін іске асыру жол картасы әзірленді

Әлеумет 04.06.2023, 12:00 1,212
Кредиттік алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін іске асыру жол картасы әзірленді
Сурет: ашық дереккөз

Кредиттік алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін іске асыру жол картасы әзірленді. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Әбдірахмановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Азаматтарды алаяқтардан қорғауды арттыру мақсатында агенттік кредиттік алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін іске асыру жөніндегі жол картасын әзірледі», - деп атап өтеді ол жауабында.


Оның атап өтуінше, жол картасы аясында:


1) қаржы ұйымдарымен алаяқтық операциялар және осындай операцияларға тартылған адамдар бойынша деректер ақпарат алмасу үшін Антифрод-орталық құру;


2) алаяқтық белгілері анықталған кезде клиенттің өтініші бойынша ақшаға қолжетімділікті тоқтату тәртібін әзірлеу;


3) кредиттік алаяқтықты, жалған шопингті немесе өзге де заңсыз қызметті анықтаудың онлайн жүйесінің болуы бойынша кредиттік бюроға қойылатын талаптарды белгілеу;


4) жеке тұлғаларға берілген онлайн қарыздар туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде кредиттік бюроларға беру жөніндегі талаптарды белгілеу;


5) банктерге және МҚҰ-ға онлайн кредит алуға өтінімнің келіп түскені, сондай-ақ онлайн кредитті ресімдеуге оның растамасын алғаннан кейін ғана клиенттің шотына ақша аудару мүмкіндігі туралы клиентті хабардар ету бойынша талаптарды енгізу;


6) онлайн режимде микрокредиттер беру кезінде қаржы ұйымдарының мобильді қосымшаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды арттыру көзделген.


«Сонымен қатар, агенттік бірінші рет кірген, құпиясөзді өзгерткен және қарыз алған кезде міндетті болатын биометрияны енгізді, қосымшаның жұмыс істеу қауіпсіздігінің бұзылу белгілері анықталған кезде мобильдік құрылғыны қол жеткізу құқықтарының бұзылу белгілерінің болуы немесе қашықтан басқару және функционалды бұғаттау процесінің болуы тұрғысынан тексеруді жүзеге асырды», - деді Нұрлан Әбдірахманов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кредит #несие #тетік #құқық #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);