AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / КҚК-дағы апатқа байланысты мұнай жөнелту көлемі үш...

КҚК-дағы апатқа байланысты мұнай жөнелту көлемі үш есеге төмендеуі мүмкін

Оқиға 23.03.2022, 10:45 1,283 Almaty-akshamy
КҚК-дағы апатқа байланысты мұнай жөнелту көлемі үш есеге төмендеуі мүмкін
Cурет: pixabay.com

Сарапшылар бұл апат әлемдік нарықтағы тапшылықты күшейтіп, мұнай бағасының өсіміне ықпал етуі мүмкін деп болжайды


Каспий құбырлары консорциумының арнайы екінші жабдық бөлігіндегі құбырдағы зақымды қалпына келтіру жұмыстары біршама уақытты алады. Алдында сүңгуірлер арнайы үшінші жабдықтан да осындай ақауды анықтаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Каспий құбырлары консорциумы қара теңіздегі дауылдың салдарынан арнайы екінші жабдық бөлігіндегі 9-шы және 13-ші тармағындағы құбырға зақым келгенін хабарлады.



«Жүйедегі аталған ақау күрделі болып саналады. Осы орайда құрылғыларды қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты Каспий құбырлар консорциумы аталған жабдықтарды пайдалануды уақытша тоқтатуға мәжбүр болып отыр», -делінген хабарламада.



Ауа райының қолайсыздығына және танкерлерді жуу қажеттілігіне байланысты жөндеу жұмыстарына біраз уақыт кетуі ықтимал екендігі де айтылады.
22 наурызда дауылдан кейін жағалаудан шығарылатын құрылғыларды тексеру кезінде арнайы екінші жабдық бөлігіндегі 9-шы және 13-ші тармағындағы құбырға зақым келгені анықталған. Осыған байланысты жөндеу әрі жуу жұмыстарын жүргізу үшін АЖБ-3-тің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды.


Сарапшылар бұл апат әлемдік нарықтағы тапшылықты күшейтіп, мұнай бағасының өсіміне ықпал етуі мүмкін деп болжайды.


Қазақстандық компаниялар консорциум акцияларының 20,75%-на ие, тағы 31% - РФ, қалғандары LUKARKO, Shell, Exxon, Chevron, Mobil және басқа компанияларға тиесілі. Каспий құбырлары консорциумы - отандық мұнай үшін негізгі экспорттық бағыт. Құбыр арқылы айдалатын "қара алтынның" 80%-дан астамы Қазақстаннан жөнелтіледі. Магистральдың жылдық қуаты 67 млн тонна мұнайды құрайды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұнай #апат #құбыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);