AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көз жұмғанына 500 күн: марқұм Ақнәрдің анасы үндеу...

Көз жұмғанына 500 күн: марқұм Ақнәрдің анасы үндеу жасады

Әлеумет 24.11.2025, 17:15 529
Көз жұмғанына 500 күн: марқұм Ақнәрдің анасы үндеу жасады
@justice_for_aqnar
2024 жылғы шілдеде алматылық Ақнәр Гүлстан көпқабатты үйдің терезесінен құлап, ауыр жарақаттан қаза тапты. Марқұмның туыстары оның өзіне қол жұмсағанына сенбейді және оны таныстары өлтіргенін айтты. Марқұм Ақнәрдің қаза тапқанына 1 жыл өтсе де, тергеу әлі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Марқұм Ақнәр Гүлстанның анасы әділдікке қол жеткізе алмай жүргенін айтып, президент Тоқаевқа үндеу жолдады. 

“Қызымның қайтыс болғанына бүгін тұп-тура бес жүз күн болды. Осы бес жүз күннен бері қарай әлі әділдікке қол жеткізе алмай келе жатырмын. Іс әлі шешілген жоқ. Үздіксіз шағымдануымның нәтижесінде іс Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеуіне берілді. Әлі де толыққанды шешім шыққан жоқ. Күдіктілер ұсталған жоқ. Менің жалғыз қызымды өлтіргендер жазаланбай жатыр. Бұл істі жабуға болмайды. Біздің Қазақстан Республикасында заң бар. Ақордада айтылған әр тапсырма орындалуға тиіс. Мемлекет басшысы араласып, әділ шешім шығаруға көмектеседі деп әлі де үміттенемін”, - деді ол. 

Сондай-ақ, Ақнәрдің анасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Ермек Сағымбаев, бас прокурор Берік Асыловқа да үндеу жасады. 

Ақнәрдің қазасы туралы не белгілі?

2024 жылғы шілдеде алматылық Ақнәр Гүлстан көпқабатты үйдің терезесінен құлап, ауыр жарақаттан қаза тапты. Марқұмның туыстары оның өзіне қол жұмсағанына сенбейді және оны таныстары өлтіргенін айтты.

Марқұмның анасы Гүлстан Қамиттің айтуынша, қызы құлар алдында азапталған. Сараптама нәтижесі бойынша Ақнәрдің денесінде жарақат іздері болған, тістелген және тырналған жаралар байқалған. Пәтерден сынған тырнақтар мен жұлынған шаштар табылған. Әйелдің сөзінше, қызын екі курстасы азаптап, кейін терезеден лақтырып жіберген.

Қайтыс болған қыздың анасы ұсынған кадрлар

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақнәр Гүлстан #өлім #тергеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);