Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Костенко» шахтасында қайтыс болғандардың алтауыны...

«Костенко» шахтасында қайтыс болғандардың алтауының жеке басы анықталмады

Әлеумет 31.10.2023, 06:16 1,058
«Костенко» шахтасында қайтыс болғандардың алтауының жеке басы анықталмады
Сурет: ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Костенко» шахтасындағы жағдай туралы баяндады


31 қазанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смаиловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Костенко атындағы шахтадағы жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 


Бүгінгі күні іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 45 кеншінің денесі және алдын-ала болжам бойынша 46-шы қаза тапқан адамның дене бөлшектері табылды.


Қайтыс болған 40 адамның жеке басы анықталды, 6-уы анықталмады. Оларды сәйкестендіру үшін тиісті сараптамалар жүргізіледі.


Іздеу жұмыстары электр энергиясының болмауымен, тау-кен қазбаларының ұзындығымен, көптеген бұзылған механизмдердің болуымен қиындады. Су басқан жекелеген тау-кен қазбаларында жұмыс жасау қиынға түсті.


Қазіргі уақытта ашық жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. Шахтаның қызметін қалпына келтіру үшін тау-кен қазбаларын зерттеу және жекелеген учаскелерде су сору жұмыстары жүргізілуде.



«Аварияның себептерін тергеп-тексеру шеңберінде Үкіметтік комиссия мүшелерімен бірге шахтаға түстім. Біз өте маңызды бұзылуларды анықтадық. Тау-кен қазбаларында шахта жабдықтары жылжып кеткен. 15-тен астам оқшаулағыш бөгеттер мен желдету құрылыстары қираған», - деп атап өтті министр.



Қазіргі уақытта тағы 7 шағын комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар тергеуге Қазақстаннан және шетелдерден сараптамалық ұйымдар тартылды.


Естеріңізге салайық, ағымдағы жылғы 28 қазанда сағат 2-ден 36 минут кеткенде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтада тереңдігі  700 метрде жану болып, кейіннен метан-ауа қоспасының жарылуы орын алды. Бұл жерге дереу «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының күштері жіберілді.


Авария кезінде ауысымда 252 кенші болды, оның 201-і өздігінен көтеріліп, 5-і тау-кен құтқару күштерімен табылып, жер бетіне шығарылды.


Жалпы, 30 қазаннан бастап Қарағанды облысының бес шахталарында (Абай, Саран, Шахтинск, Күзембаев және Ленин атындағы)өндіру процестері қайта жанданды.


«Тентек» шахтасында тек дайындық жұмыстары жүргізілуде.


«Қазақстан» шахтасында оның қарқынды жұмыс істеуі үшін барлық жұмыстар қамтамасыз етілуде және аэрогаз жағдайы бақылауда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Костенко шахтасы #ТЖМ министрі #жағдайды баяндау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерудің жаңа тәртібі енгізілді

Бүгін 12:53

Мәсімовпен және Келімбетовпен таныс болған: Депутат "Эпштейн файлдарына" қатысты тексеріс жүргізуді талап етті

Бүгін 12:28

Рамазан–2026: ауыр жұмыс істейтін адамға ораза ұстамауға бола ма?

Бүгін 12:15

Қыста ең пайдалы жемістер аталды

Бүгін 12:03

Канададан жеңіспен оралды: Алматы Astana Team жас чемпиондарын қарсы алды

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі