AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көшпенділер ойынын өткізуге қанша қаржы бөлінді?

Көшпенділер ойынын өткізуге қанша қаржы бөлінді?

Әлеумет 11.07.2024, 15:44 1,302
Көшпенділер ойынын өткізуге қанша қаржы бөлінді?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

89 елден келген ойыншылар спорттың 21 түрінен бақ сынайды.

Биыл күзде (8-12 қыркүйек) Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Ойындардың жалпы операциялық бюджеті - 5,7 млрд теңге. Иә, бұл ауқымды қаржы, бірақ 2011 жылы өткен жетінші қысқы Азия ойындарының бюджеті 20 есе көп болғанын еске салғым келеді. 2017 жылы Алматыда өткен Универсиаданың бюджеті бес есе көп болды. Аталған сомаға біздің қаржылық серіктестеріміз бен демеушілеріміз қосатын қаражат қосылады. Жалпы алғанда, операциялық бюджет шамамен 8 млрд теңге», - деді V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров.

Сондай-ақ, дирекция басшысы көшпенділер ойындары өтетін спорт нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Астанадағы «Қазанат» ипподромының жүгіруге арналған жолдың ұзындығы 12 метрге, ені 7 метрге кеңейе түсті. Сонымен қатар ипподромда жылқыларды диагностикалау және қалпына келтіру бойынша жаңа зертхана болады. Одан бөлек, «Алау» мұз сарайы жаңарып, көшпенділер ойындарының арқасында жаңа келбетке ие болады. Жарыстан кейін мұз сарайы әдеттегі жұмыс режиміне оралып, конькишілерді қуантады. «Астана-Арена» футбол стадионы да жаңартылып жатыр, яғни ішкі инфрақұрылымы, трибуналар мен футбол алаңы ауыстырылады», - дейді ол.

Еске салсақ, 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының жүлде қоры қанша болатыны жайында жазған едік. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаражат #бюджет #Көшпенділер ойыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);