конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Көші-қон заңнамасын бұзған 98 шетел азаматы елден...

Көші-қон заңнамасын бұзған 98 шетел азаматы елден шығарылды

Оқиға 06.07.2022, 12:00 1,349
Көші-қон заңнамасын бұзған 98 шетел азаматы елден шығарылды
Сурет: Elorda.info.kz

Елордада «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Астана полицейлері 27 маусымы мен 4 шілде аралығында қаладағы құрылыс нысандарын, қонақүйлер, жатақханалар, адамдар көп жиналатын орындар мен шетел азаматтары заңсыз болуы мүмкін жерлерді тексеріп шықты. Мақсат – еліміздегі көші-қон тұрақтылығын сақтап, заңсыз көші-қонның криминогендік жағдайға теріс әсерінің алдын алу.



«Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Қазақстанда болу ережесін бұзғаны үшін 1358 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 98 шетел азаматы елден шығарылды. Соның ішінде 8 шетелдікті соттың шешімімен елден шығаруға тура келді. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 340 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 275 азамат шақырылған шетелдіктердің белгіленген келу қағидаларын бұзған, ал 65 адам шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды елорданың полиция департаменті.



Жедел-алдын алу іс-шараларының нәтижесі көрсетіп отырғандай шетел азаматтары Қазақстан Республикасына келу, елде болу және елден кету тәртібі ережелерін жиі бұзады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Астана полицейлері #көші-қон #жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);