AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көшеден тапқан нәрсені не істеу керек?

Көшеден тапқан нәрсені не істеу керек?

Әлеумет 21.05.2024, 19:05 1,170 yakiya
Көшеден тапқан нәрсені не істеу керек?
интернет

Тапқан нәрсесі жеміс, тамақ сияқты тез бұзылатын зат болса, оны жеуге рұқсат етіледі. 

Бұл – қазіргі таңда жиі кездесетін мәселенің бірі.

Кейде көшеде кетіп бара жатып ақша немесе құнды бір зат тауып аламыз. Оны өзімізге алуға бола ма? Әлде оны садақа ету керек пе? Бәлкім оған тиіспеу керек шығар? 

Шариғат бойынша жоғалған затты тапқан кісі тауып алған затын жұртқа жариялап, оның иесін іздеуге әрекет етуі тиіс. «Кім көріп тұр» немесе «Құдай маған беріп тұрған шығар» деген оймен даладан тапқан дүниені қалтасына салып, кете беру – мұсылманшылыққа жат.

Зайд ибн Халид әл-Жүһани (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім жоғалған затты құпия түрде өзінікі етіп алса, ол – адасушы», – деген (Мүслим, Ахмад).

Даладан бір нәрсе тауып алған адам: «Әлдекім бір затын жоғалтқан болса, анау жерге барсын, мынадай адамға жолықсын!» деп жұртқа хабарлауы керек. Ал іздеп келген адам табылған бұйымның сипаты мен белгілерін айтып, өзінікі екенін дәлелдеуі тиіс.

Тапқан нәрсесі жеміс, тамақ сияқты тез бұзылатын зат болса, оны жеуге рұқсат етіледі. Көп мөлшерде болса, қазидың бұйрығымен оны сатып, ақшасын аманат ретінде ұстап отырады (Фәтәуа Һиндия, 2/300).

Егер иесі табылмаса, тапқан адам иесіз затты бір жыл ұстайды. Иесі келсе, аманатын қайтарып береді. Келмеген жағдайда, ол зат тауып алған адамның мүлкіне айналады. Дегенмен күндердің күнінде иесі іздеп келіп қалса, әлгі адам сол затты немесе оның құнын қайтсе де қайтарып беруі шарт.

Сахабалар Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тауып алған алтын немесе күміс жөнінде сұрады. Алла елшісі: «Оның ыдысы мен бауын мәлімде. Содан кейін бір жыл күт. Егер иесін таппасаң, оны өз қажетіңе жұмса. Сол зат сенде аманат ретінде тұрсын. Қашан да біреу талап етіп келсе, оны қайтып бер», – деген (Мүслим).

Демек біреудің жоғалған заты қанша уақыт өтсе де, тапқан адамның мүлкіне айналып қалмайды. Қашан да иесі шықса, оны қайтып беру немесе оның құнын төлеу міндет болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Зат #Көше #тауып алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);