AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Коронавирустың тарауына байланысты көлік құралдары...

Коронавирустың тарауына байланысты көлік құралдарына қойылатын талаптар күшейтілді

Жақыныңа жанашыр бол! 06.07.2022, 04:30 2,047
Коронавирустың тарауына байланысты көлік құралдарына қойылатын талаптар күшейтілді
Сурет: Kommersant.ru

Коронавирус инфекциясының тарауына байланысты Ведомствоаралық комиссияның 2022 жылғы 1 шілдедегі шешіміне сәйкес, санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу мақсатында Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің биылғы 8 шілдесінен бастап күшіне енетін «Көлік объектілерінде коронавирус инфекциясы бойынша санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы қабылданды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz хабарлайды Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Аталмыш құжатқа сәйкес тұрақты жолаушылар тасымалын (әуе, су, темір жол, метрополитен) жүзеге асыратын ұйымдар көлік құралдарындағы ауа баптау, желдету жүйелеріне тексеру жүргізуді және желдеткіш сүзгілерін ауыстыруды;


мамандандырылған көлік құралдарын (перрондық автобустарды) қоспағанда, көлік құралына жолаушыларды орындардың санынан аспайтын мөлшерде отырғызу;


көлік құралының салонын желдету, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, салонды ылғалды тазалау және ауысым аяқталғаннан кейін қоғамдық көліктерге дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету талап етіледі.


Халықаралық әуежайлардың, теміржол вокзалдарының, теңіз және өзен порттарының басшыларына ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайын қамтамасыз ету үшін тазалауды, жууды, дезинфекциялауды, желдету және ауаны баптау жүйелерінің сүзгілерін ауыстыруды қамтамасыз ету;


жолаушылардың орындарын жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, жалпы тазалау жұмыстарын жүргізу;


барлық бөлмелерді жиі желдету; күту залдарында, ана мен бала бөлмелерінде, санитариялық тораптарға кіре берісте қолды тазарту құралдарын орнату;


қызметкерлер арасында COVID-19 кезінде жеке қорғану құралдарын қолдану алгоритмі, жеке/қоғамдық гигиена ережелерін сақтау, кварц шамдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау;


қызметкерлердің маскалар мен антисептиктерді міндетті түрде қолдануы; оқшаулау бөлмесі бар медициналық немесе сауықтыру пунктінің тұрақты жұмысы;


кемінде 60 минут сайын жолаушыларды радиохабар (дауыс зорайтқыш арқылы хабарлау) арқылы коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы хабардар ету.



«Бұл ретте жолаушыларға әуежайлардың, вокзалдардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің ғимараттарында, қоғамдық көлікте жүргенде бетперде кию ұсынылады»,-делінген Көліктегі санитарлиялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #инфекция #Талап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);