AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Коронавирустың жаңа түрі табылды

Коронавирустың жаңа түрі табылды

Әлем 04.01.2022, 04:54 1,372
Коронавирустың жаңа түрі табылды
tass.com

Франция ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа түрін тапты. Ол туралы деректер әзірге аз деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бүған дейін Камеруннан келген саяхатшыдан белгісіз штамм табылған еді. Ол Францияның оңтүстігінде кем дегенде 12 адамға жұқтырып үлгерген. Оның тесті «мутацияның атипті комбинациясын» көрсетті.



Коронавирустың жаңа түріне уақытша B.1.640.2 атауы берілді. Оны Марселдегі Жерорта теңізі жұқпалы аурулар институтының ғалымдары ашты. Жаңа нұсқадан 46 мутация анықталған. Бұл штамм бұған дейінгі нұсқаларға қарағанда қатты жұқпалы болуы мүмкін. Әзірге ол туралы мәлімет аз.



Қазіргі уақытта Франция аумағында коронавирустың «омикрон» штамы өршіп тұр. Ауырғандардың 60 пайызы соны жұқтырған. Пандемия басталған уақыттан бері елде 10 млн астам адам коронавирус жұқтырды.


3 қаңтардан бастап Францияда жаңа ереже енгізілді, оған сәйкес 6 жастан асқан балалар (бұған дейін 11 жас) маска тағуға міндеттелді. Бұдан бөлек, Париж бен Лион сияқты ірі қалаларда көшеде қайта маска тағып жүру керек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ковид #Франция #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);