AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Кореяда шекарадан заңсыз өтпек болған қазақстандық...

Кореяда шекарадан заңсыз өтпек болған қазақстандықтың біреуі 15 жылға сотталуы мүмкін

Заң мен тəртіп 30.03.2023, 15:11 1,042
Кореяда шекарадан заңсыз өтпек болған қазақстандықтың біреуі 15 жылға сотталуы мүмкін
Сурет: Egemen.kz

Бұл туралы Оңтүстік Корея пабликтері мен әлеуметтік желілерден белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Korea Komek мәліметінше, қазақстандықтар Түркістан облысында туған.



«2002 және 2005 жылы туған екі жігіт 25 наурызда Өзбекстаннан Korea Air әуекомпаниясының ұшағымен Кореяға келген. Құжаттарының дұрыс болмауына байланысты кеден қызметкері оларды елге кіргізбей, депортацияны күту залына жіберген. Олар депортация рейсін күту кезінде, 26 наурызда таңғы сағат 4:20 шамасында әуежайдың ұшу-қону жолағы жанындағы үш метрлік қоршаудан асып, қашып кеткен», - делінген хабарламада.



Екеуі де кінәларын мойындап, туған жерінде отбасын асырау үшін жұмысқа ұшып келгендерін айтқан. Оңтүстік Корея полициясы оларды шекараны заңсыз кесіп өтіп, қашып кетті деп айыптады. Қазір екі азамат қамауда отыр.


Қордың қолдауымен бір қазақстандық жақында елге қайтарылады.


Корея билігінен 3 күн бойы жасырынып, ақыры ұсталған екінші қазақстандық алдағы 3 айды жергілікті түрмеде өткізеді. Корея заңы бойынша, Қазақстан азаматы 15 жылға  сотталуы мүмкін, бірақ оның өз еркімен берілуі жауапкершілікті жеңілдететін жағдай ретінде ескеріледі. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заңсыздық #екі қазақстандық #шетел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);