ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Кореяда өздігінен жүретін такси жолға шықты

Кореяда өздігінен жүретін такси жолға шықты

Әлем 10.06.2022, 03:45 1,031
Кореяда өздігінен жүретін такси жолға шықты
Cурет: Ашық дереккөз
Таксиге 3 жолаушы отыра алады

Таксиге 3 жолаушы отыра алады


Сеул тұрғындары үшін өздігінен жүретін такси қызметі іске қосылды. Әзірге автономды көлік қызметін барлығы бірдей пайдалана алмайды. Бірақ күзге дейін Кореяның кез келген тұрғыны мұндай көлікке тапсырыс бере алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
 
Жүргізушісіз таксидің алғашқы жолаушысы көлік министрі мен Сеул басшысы болды. VIP-тердің қауіпсіздігі үшін жүргізушіні отырғызды. Бірақ ол іс жүзінде түймелерді баспады.  


Автономды таксиде жүргізушінің көзі мен құлағы - камера.  Көліктің ішінде беріліс қорабы жоқ.  Ал дисплейде таксидің алды мен артындағы қозғалыс туралы барлық қажетті ақпарат бар. 


Жаңа технологиялар әйгілі Псай әнімен танымал Каннам аймағында көрсетілді. Бұл көшелер Кореядағы кептеліс ең көп кездесетін даңғылдың бірі. Бірақ, жасанды интелект тәжірибелі жүргізушіден кем емес. Өйткені, оған 26 жолға орнатылған құрылғылар көмектеседі. Сондықтан жүргізушісіз машина жаяу жүргіншілерді және бағдаршам түстерін сезеді, бір жолақтан екінші жолаққа ауыса алады. Такси кептеліс туралы ақпарат алып, бағыт бойынша ең тез жолмен барады.  



«Өзін өзі басқаратын машиналармен айналысатын компаниялар 2024 жылға дейін 4-деңгейдегі өзін-өзі басқаратын көліктерді сатуға қажетті стандарттарға сай болады. Біз спутниктік байланыс, 3D карталары сияқты инфрақұрылымды белсенді түрде кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, автономды көліктермен апат болған жағдайда қолданылатын сақтандыру жауапкершілігі стандарттарын дайындаймыз»,-дейді Корея жер, инфрақұрылым және көлік министрі Вон Хи Рен.



Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық тудырмас үшін такси жұмыс күндері сағат 10-нан 16-ға дейін жұмыс істейді. Өйткені, бұл уақытта кептеліс аз. Таксиге 3 жолаушы отыра алады. Жүргізушісіз көлікке қосымша арқылы тапсырыс беруге болады. Төлемақы онлайн режимінде төленеді. әзірге бұл қызмет тегін. 



«Әзірге 2 такси ғана жүреді. Үкімет 2025 жылға қарай автобустармен қамтамасыз етуге тырысады. Ал 2030 жылға қарай Кореяның кез келген жерінде жүргізушісіз таксиге тапсырыс беруге болады деп жоспарлап отырмыз»,-дейді Корея жер, инфрақұрылым және көлік министрлігінің бөлім бастығының орынбасары Ли Хянг.  



Келесі жылы автономды такси аймағы екі есеге артады. Жүргізушісі жоқ көліктер ұзындығы 49 шақырымға жуық жолдарда жүреді. Алдағы 3 жылда интеллектуалды көлік жүйесін дамытуға Кореяда шамамен 876 миллион доллар жұмсайды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.