Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Көп балалы қазақстандықтарға 170,1 млрд теңге жәрд...

Көп балалы қазақстандықтарға 170,1 млрд теңге жәрдемақы төленді

Әлеумет 26.07.2022, 04:31 1,177
Көп балалы қазақстандықтарға 170,1 млрд теңге жәрдемақы төленді
Сурет: Inform.kz

Орта есеппен 501,5 мың отбасы қамтылған.


Қазақстан Үкіметі жыл басынан бері көп балалы отбасыларға 170 млрд теңгеден астам жәрдемақы төлеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Жыл басынан бері көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен 501,5 мың отбасы қамтылды, оның ішінде маусым айында 516,7 мың отбасына 31,6 млрд теңге жәрдемақы төленді»,- делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.


Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көп балалы отбасыларындағы 4 балаға 50 975 теңге, 5 балаға 63 727 теңге, 6 балаға 76 479 теңге, 7 балаға 89 231 теңге, 8 балаға 101 760 теңге, 9 балаға 114 480 теңге, 10 балаға 127 200 теңге, 11 балаға 139 920 теңге, 12 балаға 152 640 теңге, 13 балаға 165 360 теңге, 14 балаға 178 080 теңге, 15 балаға 190 800 теңге, 16 балаға 203 520 теңге немесе әр балаға 12 720 теңге төленеді.


Еске салайық, көп балалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көп балалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көмек #мемлекет #бала #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.