AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көп әйел алуды насихаттағандар жазаланады

Көп әйел алуды насихаттағандар жазаланады

Әлеумет 03.11.2023, 09:56 1,486
Көп әйел алуды насихаттағандар жазаланады
Сурет: Shutterstock/FOTODOM

Көрші Өзбекстан елінде бұл мәселеге заңмен тыйым салмақ. 


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттің зайырлылығын айқындайтын Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске енгізілген түзетулерді бекітетін заңға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап. 



Әділет министрлігінің мәліметіне сай, заңнамаға енгізілген түзетулер көп әйел алуды насихаттау, АХАЖ-да ресми неке қимай «никох» рәсімін жасау, гендерлік кемсіту, сондай-ақ қоғамдық орында жеке басын анықтауға мүмкіндік болмайтындай дәрежеде жабық киім кигендерге қолданылатын жауапкершіліктерді қамтиды.



«Екі және одан да көп әйелмен бірге тұруды насихаттау, осы тұрғыда идея немесе үндеу тарату, сондай-ақ мұндай әрекеттерді қолдау 15-тен 30 базалық есептік шамаға (БЕШ) дейін немесе 4,950 миллионнан 9,9 млн сомаға дейін мөлшерде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алумен жазаланады», - делінген Өзбекстан Әділет министрлігінің мәліметінде.



Некесі заңды тіркелмеген адамдар арасында, оның ішінде неке жасына толмағандармен отбасын құру бойынша діни рәсім жасағандарға 15-тен 30 базалық есептік шамаға дейін айыппұл салынады.


Гендерлік кемсітуді насихаттау, әйелдер мен ерлердің тең құқығын ашық түрде жоққа шығару, осы бағыттағы идеялар мен үндеулерді тарату 10-нан 20 БЕШ-ке дейін немесе 3,3-6,6 миллион сум айыппұлмен жазаланады.


Бұдан басқа, жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтіндей бүркеніп киінген адамдардың қоғамдық орындарда болғаны үшін жаза енгізіліп отыр. Осындай әрекет үшін 3,3 - 4,95 млн сум аралығында айыппұл тағайындалады.


Ведомстводан атап өткендей, тиісті өзгерістер заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көп әйел алу #насихаттау #жазалау #жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);