Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Коммуналдық төлемге қанша төлейсіз?

Коммуналдық төлемге қанша төлейсіз?

Әлеумет 22.12.2023, 14:19 1,396
Коммуналдық төлемге қанша төлейсіз?
Сурет: ашық дереккөз

«Қазақстанда коммуналдық төлем қымбат емес»,-дейді сарапшылар.


Ranking.kz сарапшылары қазақстандықтар Орталық Азия және ТМД-ның көптеген елдеріне қарағанда, коммуналдық төлемдерге жалақысының аз бөлігін жұмсайды деген қорытындыға келді. Есептеу кезінде олар 260 мың теңге жалақыны мысалға алған, сөйтіп 55-60 м² пәтерге иесі ай сайын 16-18 мың теңге шығындайтынын жазған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



«Қазақстандағы коммуналдық төлемдер бір таза жалақының 9,7 пайызын құрайды. Қазақстанның көрсеткішіне жақын индикаторлар Венесуэла (9,9%), Аргентина (10%), Португалия (10,8%), Германия (10,8%) және Ұлыбритания (11,1%) сияқты елдерде байқалады», -  деп атап өтті сарапшылар.


Олар Ұлттық статистика қызметінің мәліметтері ұқсас екенін айтты: шілде-қыркүйекте коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға және жөндеуге бір үй иесі орташа есеппен айына 13 мың теңгеден сәл асатын қаражат жұмсаған. Ал жалпы шаруашылық шығындары айына 307 мың теңге болған. Әрине, ел болған соң  арамызда ауқатты отбасылар да, кедей-кепшіктер де бар. Бұл әрине, біреулерге азғантай ғана шығын болуы мүмкін, енді біреулерге кәдімгідей ауыртпашылық тудыратыны белгілі. Қалай болғанда да, суды, жарықты, газды үнемдеген адам ұтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Коммуналдық төлем #табыс #сарапшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.