AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Коммуналдық қызмет өкілдері референдумға белсенді...

Коммуналдық қызмет өкілдері референдумға белсенді қатысты

Референдум 15.03.2026, 19:45 591
Коммуналдық қызмет өкілдері референдумға белсенді қатысты
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыдағы коммуналдық және инфрақұрылымдық кәсіпорындардың қызметкерлері республикалық референдумға қатысты. Қалалық қызметтердің мамандары учаскелерге тұрғылықты жері бойынша жұмыс ауысымына дейін немесе кейін, сондай-ақ отбасы мүшелерімен бірге келіп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Алматы Қала Жарық» КМК ұжымы жұмыс барысын тоқтатпай-ақ дауыс беруге қатысты. Кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істейтіндіктен, қызметкерлер учаскелерге кезекшілік басталғанға дейін келіп, таңдау жасады. Кәсіпорында шамамен 300 адам еңбек етеді.

Белсенділік «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорны қызметкерлері арасында да байқалды. Кәсіпорын мәліметінше, сағат 10:30-дегі жағдай бойынша 3618 қызметкер мен олардың отбасы мүшелері дауыс беруге қатысқан. Көпшілігі учаскелерге жақындарымен бірге келген. Жас мамандар үшін бұл қоғамдық маңызы бар шараға алғаш рет қатысу тәжірибесіне айналды.

Дауыс беруге «Алматыжылужайэнерго» ЖШС қызметкерлері де қатысты. Таңертеңнен бастап референдум учаскелеріне өндірістік бөлімшелер мен қазандықтардың мамандары келді. Алдын ала мәлімет бойынша, кәсіпорынның 1890-нан астам қызметкері мен олардың отбасы мүшелері дауыс беруге қатысқан.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қызметкерлері де белсенділік танытты. Кәсіпорын мәліметінше, сағат 09:30-дағы жағдай бойынша 350-ден астам қызметкер дауыс берген. Олардың көпшілігі учаскелерге туыстарымен бірге келген.

Референдумға қаланың көлік инфрақұрылымы саласының қызметкерлері де қосылды. Алматы метрополитенінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері де дауыс беруге қатысты. Сағат 10:30-дағы мәлімет бойынша шамамен 1950 адам таңдау жасаған.

Жоғары белсенділік «Алматы Паркинг» КМК ұжымында да байқалды. Кәсіпорын деректеріне сәйкес, түске дейін қызметкерлердің 96 пайызы дауыс беруге қатысқан. Көптеген маман учаскелерге таңертеңнен бастап тұрғылықты жері бойынша келген.

Республикалық референдум 15 наурыз күні бүкіл ел бойынша өтіп жатыр. Барлық учаскелер штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қалалық кәсіпорындардың қызметкерлері учаскелерге келіп, дауыс беруді жалғастыруда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);