ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / Комиссия мүшелері сайлау учаскелерінен шеттетілді

Комиссия мүшелері сайлау учаскелерінен шеттетілді

Сайлау-2023 19.03.2023, 18:02 961
Комиссия мүшелері сайлау учаскелерінен шеттетілді
Сурет: Еgemen.kz
Бас прокуратура мониторинг нәтижесінде сайлау туралы заңнаманы бұзудың 9 фактісін тіркеді.

Бас прокуратура мониторинг нәтижесінде сайлау туралы заңнаманы бұзудың 9 фактісін тіркеді.


Басқа сайлаушы үшін дауыс беру жолымен тең сайлау құқығы туралы талапты бұзғаны үшін кінәлілер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 108-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бас прокуратура қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Азамат Сарғазиннің айтуынша, заңбұзушылықтар үш өңірде – Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарындағы сайлау учаскелерінде, Жетісу облысының Қаратал және Кербұлақ аудандарындағы учаскелерінде, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Жамбыл аудандарындағы учаскелерде тіркелген.



"Бұл заңбұзушылықтар комиссия мүшелері тарапынан азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік берумен байланысты. Яғни сайлау учаскелерінде комиссия мүшелері сайлаушылардың өтінішімен оларға туысқандары үшін дауыс беру үшін бюллетень берген. Сол арқылы тең сайлау құқығы туралы талапты бұзған", - деді Сарғазин республикалық телеарнада өтіп жатқан "Сайлау– 2023" онлайн марафонында.



Ол бюллетень берген барлық комиссия мүшесі сайлау учаскелеріндегі жұмыстан шеттетілгенін мәлімдеді. Қазір жергілікті прокурорлар оларды Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 110-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тарту үшін шаралар қабылдап жатыр.


Басқа сайлаушы үшін дауыс беру жолымен тең сайлау құқығы туралы талапты бұзғаны үшін кінәлілер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 108-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылады.



"Бірақ бұл бірлі-жарым жағдай", - деді бас прокуратура өкілі.



Осы орайда ол сайлау туралы заңға сәйкес, әрбір сайлаушы өзі дауыс беретінін атап өтті. Дауыс беру құқығын басқа біреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшін дауыс беруге тыйым салынады.


Дауыс беру басталғалы бері ықтимал заңбұзушылықтар туралы 32 өтініш түскен. Соның ішінде жетеуі бас прокуратураға бағытталды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.