AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / "Командаға көмектесу үшін жарақатын жасырған". Орд...

"Командаға көмектесу үшін жарақатын жасырған". Ордабаев Сәтпаевтың жағдайы жайлы баяндады

Спорт 07.10.2025, 15:19 549 Дина
"Командаға көмектесу үшін жарақатын жасырған". Ордабаев Сәтпаевтың жағдайы жайлы баяндады
Коллаж: aqshamnews.kz

"Қайрат" клубының ардагері Құралбек Ордабаев Дастан Сәтпаевтың ұлттық құрама ойынына қатыса алмауына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Ордабаевтың айтуынша, шабуылшы соңғы матч алдында өзін жайсыз сезінгенімен, командаға көмектесу үшін бұл туралы ешкімге айтпай, толық ойынды өткізген және гол соққан. Кездесуден кейін ауырсыну күшейіп, медициналық тексеру жасалды. Нәтижесінде сол жақ жамбас бұлшықетінде шамамен төрт сантиметрдей ісіну, сіңір созылуы және микрожарықтар анықталған.

"Бұл жас ағза үшін айтарлықтай жүктеме, сондықтан дәрігерлер оған клуб базасында қалып, қалпына келу курсынан өтуді ұсынды. Клуб бұл мәселені құраманың медициналық штабымен келісіп, жағдай туралы ресми түрде хабарлады. Өкінішке қарай, бұл жолы Дастан ұлттық құрамаға көмектесе алмайды", – деді Ордабаев.

Дастан Сәтпаев қазан айындағы әлем чемпионаты іріктеу ойындарын жіберіп алады.

Еске салайық, 5 қазанда Премьер-лиганың 24-тур аясындағы "Жетісуға" қарсы матчта толық 90 минут ойнап, қарсылас қақпасына гол соққан еді.

 
 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дастан Сәтпаев #Қайрат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);