Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Коллекторларға қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін

Коллекторларға қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін

Әлеумет 18.05.2023, 08:44 1,270
Коллекторларға қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін
Сурет: ашық дереккөз


Коллекторлық агенттіктердің қызметкерлері өз өкілеттігін теріс және асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Әділет министрлігі осындай ұсыныс енгізіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  




Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың айтуынша, қазір Қылмыстық кодексте коллекторлық агенттік қызметкерінің өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, қарызды өндіріп алудың заңсыз әдістерін қолданғаны, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын бұзғаны және тағы басқа әрекеттер үшін жауапкершілігін көздейтін арнайы бап жоқ.



«Бұл ретте Қылмыстық кодекстің 214 және 223-баптары коллекторлардың тек коллекторлық қызметпен тіркеусіз айналысқаны үшін, сол сияқты егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде табыс табумен ұштасады. Сондай-ақ коллекторлық қызметтің құпиясын жария еткені үшін ғана жауаптылыққа әкеп соғады», - деп санайды әділет вице-министрі.



Оның айтуынша, коллекторлық агенттік қызметкерінің өз өкілеттігін қызметінің міндеттеріне қайшы және артықшылықтар алу мақсатында пайдалануы қоғамға қауіпті іс-әрекет ретінде бағалануы керек.


Осыған байланысты министрлік коллекторлық агенттік қызметкерлерін өз өкілеттіктерін теріс және асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынып отыр.



«Бұл шара заңдық сауатсыздыққа байланысты коллекторлық агенттік қызметкерлерінің қысымына және айла-шарғысына ұшырауы мүмкін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Мұқанова.



Айта кетcек, бүгін мәжілісте әділет министрлігі кейбір заңнамалық актілерге Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын таныстырды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#коллектор #Жаза #енгізу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.