AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Колледжден әскери сапқа: бір топта оқыған жеті түл...

Колледжден әскери сапқа: бір топта оқыған жеті түлек Ұлттық ұланды таңдады

Әлеумет 07.10.2026, 14:49 189
Колледжден әскери сапқа: бір топта оқыған жеті түлек Ұлттық ұланды таңдады
Ұлттық ұлан

Биыл елордалық колледждің жеті түлегі ҚР ІІМ Ұлттық ұланында мерзімді әскери қызмет өткеруге шешім қабылдады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Олардың барлығы фельдшер мамандығының иесі. Қазір олар Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің оқу пунктінде әскери қызметтің негіздерін меңгеріп, Отан алдында ант беруге дайындалып жатыр.

Бұл бастаманы қатардағы Кәдіржан Байтенов көтерді. Ол алғашқылардың бірі болып әскери басқару органына барып, медициналық комиссиядан өтті. Кейін бірге оқыған достарына әскерге баруға жол көрсетті.

Бұл ұсынысты сол кезде Шымкентте жүрген қатардағы Думан Қорғанбаев та қолдады. Достарының әскерге жиналып жатқанын естіген ол Астанаға билет алып, сол күні әскери басқару органына келді. Осылайша бұрын бір топта білім алған жеті жігіттің қайтадан бастары қосылды. Бұл жолы олар әскери киіммен сап түзеді.

Қазір ұландықтар жас сарбаз курсынан өтіп жатыр. Олар әскери күн тәртібіне бейімделіп, саптық даярлық пен әскери істің негіздерін меңгеруде. Айтуларынша, бірге келген достарының жанында болуы жаңа ортаға бейімделуді жеңілдетеді.

– Біз бір-бірімізді бұрыннан жақсы білеміз. Сондықтан мұнда өзімізді сенімдірек сезінеміз. Қандай жағдай болмасын, бір-бірімізден көмек сұрай аламыз. Бірге қызмет етудің өз қызығы бар. Күнделікті сәттерді де, әскери өмірдің алғашқы қиындықтарын да бірге өткеріп жатырмыз. Қандай жағдайда да бір-бірімізге қолдау көрсете аламыз, – дейді қатардағы Алмас Болысбек.

Жас сарбаздардың Ұлттық ұланды таңдауына әскердегі заманауи технологиялар да әсер еткен. Олардың назарын құқықтық тәртіп әскерлеріндегі цифрландыру, интеллектуалды бейнебақылау жүйелері және тамақтандыру саласындағы жаңа шешімдер аударған.

Жеті досты алда әлі бірнеше айлық әскери қызмет күтіп тұр. Жауынгерлік дайындықтан кейін олар Алматы қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттер атқаратын болады.

Олардың кейбірі болашақта Ұлттық ұланның әскери медицина саласында қызметін жалғастыруды ойлап жүр. Бірнеше ұландық Әскери-медициналық басқармада қызмет етіп, колледжде алған фельдшерлік білімін әскери салада пайдалануға ниетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);